•  

    Рубрика: Агрономия | Свободная тема |  Просмотры - 1 902

    Ауа райы тосын мінез танытуы мүмкін (талдау үшін)

    Көктем келісімен диқандар қауымы құрал-саймандарын сайлауға кірісті. Берекелі өнімге кенелу үшін егіс жұмыстарын дер кезде бастау қажет.

    Ылғалмен қамдану қажет

    Виктор Сурай 18 жылдан бері жерден ризығын татып келе­ді. Шаруасын дөңгелетіп алған Ақмола облысының тұрғыны кезекті науқанға әзірлікті қам­шылаған. Биыл 1800 га аумаққа дәнді дақыл сіңіру межеленген. Қажетті құрал-сайман мен тех­ника алдын ала сайланды. Сай­ран салған шегірткенің кебін кимеу үшін тұқыммен 100 пайыз қамданған. Өнімділіктің кілтін тапқан диқан ылғал сақтау тех­нологиясын да қалт жібермей­ді.

    - Егіс науқанына толық әзір­мін. Қажеттінің барлығы өз еншімізде бар. Тек маман­дар қат. Десек те қапы қалмау үшін 3-4 мамырдан бастап егіс науқанына кірісуді жоспарлап отырмын. Алқаптарға астықпен қатар сұлы және арпа себіле­ді. Себебі егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен айналы­самын. Жем-шөпті алыстан дорбалатпай, оны өзім дайын­даймын, – дейді ол.

    Виктор Васильевич сәуе­гей синоптиктердің болжамын қаперге алған. Мамандардың байламынша, табиғат тосын мінез танытып, ауа райының қолайсыздығы диқандарды әуре-сарсаңға салуы кәдік. Мамыр айында ауа температу­расы нормадан асып, +15 граду­стан жоғары болуы мүмкін. Ал түсетін жауын-шашынның көле­мі мардымсыз, қалыпты көрсет­кіштен төмен. Сәйкесінше ылғал қорын сақтау жұмыстарын мықтап қолға алған ләзім. «Ауа райына тоқталсақ, науқан үшін аса қолайлы жағдай болмай­тындықтан, өндірушілер дала жұмыстарының оңтайлы мер­зіміне, яғни биылғы мамырдың ортасына дейін топырақтағы ылғалды сақтауға баса назар аударғандары жөн. Бұл ретте кейбір ауылшаруашылық тех­нологияларға түзетулер енгі­зу қажет. Оның арқасында егіс науқанына мамыр айының алғашқы жартысында кірісу­ге жол ашылмақ», – деп мәсе­ленің мән-жайын А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының бас директоры Жексенбай Қасқырбаевжайып салды.

    Ресми дәйектерді тергіште­сек, ылғалды сақтау технологи­яларын ендіруге қызығушылық артқаны байқалады. Соңғы 5 жылда аталмыш әдіс кәдеге жаратылатын алқап 1,4 млн га артқан. 2015 жылы оның көле­мі 12,6 млн га жетсе, нөлдік тех­нология 3 млн га аумақта қол­данылады.

    Әртараптандырудың әсері

    «Артық қыламын деп, тыртық қылды» дегеннің кері кел­меу үшін әртараптандыру сая­саты қолға алынған-ды. Оған дәнді дақылдың қажеттілік­тен тым артық жиналуы түрт­кі болған. 2009-2011 жылдары сары алтынның орташа жыл­дық көлемі 16,5 млн тоннаны құрады. Бірақ бұл сұраныстан 3,9 млн тоннаға асып түскен. Астықты өткізуде тығырыққа тірелмеудің амалы дақылдың өзге түрлеріне мемлекеттік демеу көрсетуге бағытталды. Оның нәтижесі де ұзақ күттір­ген жоқ. Сары алтынға бүйрегі бұратын диқандар майлы және мал азығы дақылдарына бет бұрды. Ал астықтың алқабы 2,1 млн га, яғни 15 пайызға қысқар­ды. Есесіне майлы дақыл­дар 11%, мал азығы дақыл­дары 42% ұлғайды. Бұл ретте топырақтың өнімділігін арттыру жұмыстары көңіл көншітпейді. Минералды тыңайтқыштар бар-жоғы 1,5 млн га алқапта қол­данылған.

    posevnaya_9Биыл еліміздегі ауылшару­ашылық дақылдардың алқабы 0,4 млн га ұлғайып, 21 млн.га құрайды деп межеленген. Оның 15,2 млн га дәнді дақылдар сіңі­ріледі. 4 млн га жем-шөптің тұқымы себілмек. Барлығы қам­данған. Бірақ кейбір өңірлер­де тұқымның тапшылығы орын алған. Атқамінерлер мәселені артылған дәнмен облысаралық алмасу арқылы тарқатуды діт­теп отыр. Бұл ретте тұқымды демеуқаржыландыру тетігі тағы пысықталмақ.

    – Қазіргі уақытта тұқым шару­ашылығын демеуқаржыландыру ережелері қарастырылу үстін­де. Тек 1-ші репродукция ғана демеуқаржыландырылмайды, 1-ші репродукциядан төмен емес тұқым субсидияланады. Бұл тауар өндірушілерге элита және суперэлита іспетті жоғары репродукциялы тұқымды сатып алуға мүмкіндік береді. Олар бекітілген нормаларға сәйкес субсидияланады, – деп түсін­дірді ҚР АШМ Өсімдік шару­ашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры Ажар Қаджыбеко­ва.

    Көктемгі дала жұмыстарына қажетті техникадан тарыққан диқандар үшін науқанды дер кезінде тәмамдаудың өзі мұң. Бірі тамыр-таныстарына қолқа салса, бірі оны жалға алады. Мұны ескерген атқамінерлер берекесі сезілмеген субсия­дан бас тартып, оны техниканы еншілеуге бағыттамақ.

    «Ауыл шаруашылығы дақыл­дарын дер кезінде егу үшін техника паркін жаңарту қажет. Техниканы алуға жағдай жасау мақсатында биыл министр­лік тарапы ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды жоспарлап отыр, яғни оның құнының 25 пайызына дейінгі шығыны өтелмек. 45 млрд. тең­ге көлеміндегі босаған қаржы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге инвестициялық қаржы бөлген кезде, оның ішін­де ауыл шаруашылығы техника­ларын сатып алу үшін жұмсаған шығындарының орнын толтыру бойынша субсидиялауға бағыт­талады», – дейді ол.

    Венера Мұстафина

    25.04.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Дорогая посевная…

    Посевная в июне: паниковать не стоит (для анализа)

    Бездеятельность агрария, или непогода (для анализа)

     Опубликовано 07.10.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      28°
      16°
      Чт
      9°
      Пт
      6°
      Сб
      11°
      Вс
      12°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian