Ақтөбе облысында мал ауруы анықталмады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтөбе облысындағы шаруашылықтардың бірінде ірі қара малдың 253 басы қырылғанын хабарлайды, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Қырылған малдарға жем берілген жергілікті аудандарға тексеру жүргізіліп, берілген қара шөптің қалдықтары анықталды.

Иллюстративное фото из открытых источников
Иллюстративное фото из открытых источников

Қырылған ірі қара малдар мен жем-шөптерден сынамлар алынып «Республикалық ветеринариялық зертхана» РММ Ақтөбе облыстық филиалына жіберілді.

Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша малдың өлім-жітімі токсикологиялық уланудан туындады, қырылған ірі қара малдардың организмдерінде алколоид мөлшерден тыс орын алған. Жем-шөп құрамында ақмия табылды. Аса қауіпті мал ауруы анықталмады.

Анықтама: ақмия – улы өсімдіктерге жатады. Қауіпті және зиянды арамшөп, құрамында 2,5 – 3 % дейін алкалоид болады, оның ішінде -пахикарпин.

Шөп 250-300 кг көлемінде оралып, содан соң ұсақталған күйінде жем-шөп ретінде малдарға беріледі.

Аталған жағдай бойынша шаруашылықтың басшылығы тарапынан пішеншілер мен кәсіпорынның зоотехникалық қызметіне ішкі тексеріс жүргізілуде.

Жағдай Ақтөбе облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы