•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 530

    Қырғызстандық картопты әкелуге уақыт тыйым салынды (талдау үшін)

    Қырғызстандық картоп үшін еліміздің шекарасы уақытша жабық. Оған көршілес мем­лекеттің өнімінен қауіпті карантинді аурудың табылуы түрткі болған.

    картофельЖергілікті мамандар қырғыз­стандық картопты жыл басын­да сүзгіден өткізген. Тексеру нәтижесінде құрамынан алтын түстес жұмыр құрт табылды. Зиянкестің залалы аса қауіп­ті деп дабыл қаққан диқан­дар тиісті министрлікке жүгініп, көрші мемлекеттен жеткізілетін картопқа тиым салудың қажет­тігін алға тартқан. 2 айдан кейін мәселе шешімін тауып, қырғыз­стандық картопты әкелуге уақытша тосқауыл қойылды.

    – Азық ретінде осы картопты пайдаланған кезде қатер жоқ, алайда ол басқа дақылдарға жұғуы мүмін. Жұмыр құрт түй­некке түсіп, кейіннен топырақта жиналып, басқа дақылдарға зақым келтіреді. 10 жыл мер­зімде өнім шығымдылығының 90 пайызына дейін залал келті­руі ықтимал. Өте қауіпті өсімдік ауруы. Ол тек зиянкес табылған картоп тұқым ретінде пайдала­нуы ықтимал оңтүстік өңірлерге ғана емес, солтүстіктегі жерлер­ге де қауіп төндіруі мүмкін. Бізде картопты, сәбізді, қызыл­шаны, орамжапырақты өсіретін 30 астам шаруашылық бар. Бұл ретте бұдан кейінгі уақытта да ҚР Ауыл шаруашылығы мини­стрлігі шеттен келетін қате­рлерге жедел әрекет етеді деп сенеміз, – деп мәселенің мән-жайын Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсіру­шілер одағының төрағасы Қай­рат Бисетаев тергіштеді.

    Жұмыр құрт тез тарайды. Зиянкес қаптар, ыдыстағы топырақтың қалдықтары арқылы да жұғуы кәдік. Топыраққа да зардабын тигі­зіп, оны залалсыздандыру үшін кемінде 10 жыл жұмсау қажет. Өте ұсақ жұмыр құрт картоптың сыртқы қабатында жабысып алады. Бірақ оны қолмен ұстау не көзбен көру екіталай. Тек ұлғайтқыш арқылы анықтау мүмкіндігі бар.

    Импорттық өнімге қолқа сал­май, отандық картопке басым­дық беру қажет. Одақ өкілде­рінің сөзінше, елімізде өсіріле­тін картоптың көлемі жеткілік­ті. «Мүмкіндіктеріміздің аясы кең. Тек оның жүзеге асуына Қырғызстаннан, Ресейден бәсе­келестер мүмкіндіктер бермеу­де. Сала дамуға бет алып, кар­топты өсірудің әлемдік талап­тарына сәйкес келеміз. Бәсе­кеге қабілеттіміз. Отандық картоп экологиялық тұрғыдан және сапасы бойынша мінсіз. Сонымен қатар біз картопты маусым айына дейін сақтауды меңгердік. Оның арқасында соңғы 2 жыл бойы бағаның күрт шарықтауы байқалмайды. Бүгін­де еншімізде қоймалар бар. Сондықтан картопты күзгі баға­мен сата аламыз», – дейді ол.

    Венера Мұстафина

    23.05.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Здравствуйте, я хочу узнать насчёт субсидирования на картофель и капусту?

    7 самых популярных вопросов о семенном картофеле

    Вопрос от фермера: как сохранить картофель?

    Картофель: отечественные новинки сортов

     Опубликовано 07.11.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      19°
      28°
      Ср
      22°
      Чт
      21°
      Пт
      20°
      Сб
      21°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian