Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы паркін 8%-ға жаңарту жоспарлануда

иқандарды заманауи техникамен және жеңілдікті отынмен қамтамасыз ету егіс науқанын оңтайлы агроөнеркәсіптік мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында материалдық-техникалық базаны мемлекеттік қолдау шаралары туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлады. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні техникалар жұмысқа толық дайын: 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені және 71,4 мың сепкіш бар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша паркті жаңарту деңгейі 6,5%-ға, биылға жоспар 8%-ға жетті. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 10%-ға төмендеді. Отандық ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі бір жылда 22%-ға ұлғайды, осы жылы 9,9 мың бірлік техника шығару жоспарлануда.

«Мемлекеттік қолдау шаралары отандық өндірушілерге бағытталған: жергілікті техниканы сатып алу кезіндегі шығындарды өтеу үлесі 30%-ды құрайды, ал импорттық техника үшін бұл көрсеткіш – 15-25% аралығында. Паркті жаңарту егіннің сапасы мен біркелкілігін арттырады. Сонымен қатар, науқанды өткізу үшін 402 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, оның 204,7 мың тоннасы жөнелтілді», — деп атап өтті вице-министр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы