Жезқазған құс фабрикасы іске қосылды

Бұл туралы Жезқазған қаласының тұрғындарымен кездесу барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков мәлім етті.

Фото: ©anaterate / pixabay.com

Өңірді өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында Жаңаарқа ауданында мал соятын цехы бар мал шаруашылығы кешені жұмыс істей бастады, сонымен қатар Жезқазған қаласындағы жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы іске қосылды.

«Осы жобалардың арқасында, облысымыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ассортименті ұлғайды. Яғни, облысымыз тек қана ет, ұн және нан өндірген болатын болса, енді өзіміздің отандық тауық жұмыртқасы да шығарылуда. Аталған өнім облысымыздың сауда орындарында ғана емес, еліміздің оңтүстік аймақтарында да сатылуда. Республика бойынша жұмыртқа бағасын (ҚР – 543 тг) ескеретін болсақ, біздің өніміміз әрі сапалы, әрі бағадан (Ахтямов – 440 тг) тиімді болып табылады»,-деді өңір басшысы.

Осыған дейін Жезқазған қаласында 1705 тұрғын үй газбен қамтамасыз етілгенін жаздық.

Дереккөзі: Kazinform

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы