«Жетісу шаруаларының жаңайқайы»: Фермерлерге 2 мың тонна өнім жинау міндеттелген

Бір Алакөл ауданына 2 мың тонна өнім жинау міндеттелген. Алайда шаруалар бұл нәтижеге жету үшін мемлекеттен қолдау сұрап отыр. Облыс әкімдігі үнсіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Инвест-проектке кірмеген

Жетісуда игерілмей жатқан жер көп. Әсіресе шеткері аудандарда. Ал алыстағы аймақтар қатарына Алакөл ауданының кіретіні белгілі. Жазда туризммен мақтанатын ауданның, ауылшаруашылығы саласы енді ілгеріліп келеді. Біз арнайы тамшылатып суару технологиясының нәтижесінде түрен тимеген жайылымдық жерді егістік алқабына айналдырған «BOLAT Group LTD» ЖШС барып, біраз мәселені біліп қайттық. Серіктестік иесі Болат Сейірбаев мемлекет тарапынан келген кедергілерді ашып айтып берді.

Аталған шаруақожалық 275 гектар жерге тәтті түбір егіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалығына айналып отырса да, әлі инвест-проектке кірмеген. Облыста отырған мамандар қандай құжат керектігін өздері нақты білмейді. Бір жылдан бері әр нәрсені бір сұрап, ары-бері сандалтып келеді. 

Облыс орталығына дейін 320 шақырым, бір құжат үшін ауылдан қалаға қатынау уақыттың соры. Инвест-проектке онлайн тапсырады, бір әріп қате кетсе бағдарлама қабылдамайды. Ал қатесіз жіберу үшін мұны тиянақты білетін маман қажет. Ал ол маман облыс та жоқ. Тіпті субцидия да ала алмай отыр.

44 жыл осы ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрмін. Бұл әдісті Қытайға сапарлап барғанда көріп, қайран қалған едім. Содан ойымнан ажыраған емес. Бұл шамамен 1994-1998 жылдар шамасы, қытайлықтар салафанмен жауып, арамшөптен арашалап, қызылшаның еркін өсуіне ерекше жол жасайды. Одан кейін бірнеше рет тәжірибе алмастық. Әрине, бұл тәсіл көңілде жүргенмен елде іске асыру жеңіл болмады. Кейінгі жылдары Алакөл ауданында Кеңес одағы кезінде үлкен қант зауыты болған. Осыдан 30 жыл бұрын сол кәсіпорын 200-250 тоннаға дейін өңдеп, таза қант шығаратын. Сол заманда шаруалар әр гектарына 340 ц алатын. Ең алғаш 56-57 тонна өнім алған шаруалар да болды. Ауданның бірінші хатшысы Маршрут Ленин орденін алып, қалған азаматтардың бәрі астынан көлік мініп, бір мәре-сәре болған, – дейді Б.Сейірбаев.

Оның айтуынша, бірлескен үлкен шаруалардан шыққан қызылша джомын бордақы мал ұстаумен айналысатын ұжымшарлар ірі қараға беретін. Сол тұста 8-16 мың ірі қара байлауда тұратын. Қант қызылшасынан қалған джом керемет мал азығы. «Оның сыртында ПАТК шыққан. Ол кезде ауданда спирт зауытын салу керек еді, бірақ әр түрлі себеппен кейінгі шегеріліпті. Бірақ оны да қожалықтар мал азығана пайдаланып, тиімді игерген. Ал енді бүгінгі таңда кезінде дүрілдеп тұрған қант зауыты да, ет комбинаты да, қамыс зауыты да, сүт зауыты да жоқ. Тіпті жермен жексен болды десе болады. Аудан тұрғындары тек алып-сатармен айналысып жүр. Басқа өндіріс орындарының бірі қалмады.

Мен зейнеткер болсамда осының бәрін білгеннен кейін шыдамадым. Көрші Қытайдың тірлігін көріп отырып, істі білетін азаматтарды шақырып, бірлесе заманауи технологиямен қант қызылшасын егуді бастадық. Осындағы шаруалардың басын біріктірдік. Сөйтіп былтыр тамыз айында бастағанбыз, дегенмен құжатын реттеудің өзі өте қиын болды. Қиындығы сол, бүгінге дейін жұмыстың бітер аяғына келсекте инвест-проектке әлі кіргізе алған жоқпыз. Қазақстанда оған кіргізудің өзі қиямет-қайым екен. Еңбек нәтижелі болуы үшін былтыр қытай азаматтарымен өзара келісімшартқа отырдық. Оларға жерді көрсеттік, заманында тек мал шаруашылығына арналған жайылым жер болған. Өмірі соқа тимеген. Ал судың жақын екенін білеміз. Себебі көл алыс емес, жақын маңда бірнеше құдықтың орны бар. Арнайы мамандар шақырып жер асты суын тексерттік. 140-180 метр тереңдікте су шығады. Соның бәріне көз жеткеннен кейін былтыр қыста қазақстандық мамандарға сусорғы құдық қаздырдық, – дейді шаруа иесі.

Қытайлық технологияға Қазақстан зәру

Өкінішке қарай, отандық сушылар қазған құдық 40-50 кубтан ғана су шығарады. Осы сумен егінді бастауға кіріскенінде, 5-10 күннен кейін сусорғы істен шыққан. Оның істемей қалған себебі үлкен насостар сорғанда құмның бәрін лай сумен бірге лақтырып, асты құлап, су желілері майысып, іске жарамай қалған. 

Содан бұл жұмысты да қытайлармен келісіп, олар өздерінің техникаларын әкеледі. Олар 10-12 күннің ішінде 5 скважина қазып, су жібереді. Қытайлықтар 2 күннің ішінде бір скважина қазып отырған. Себебі 275 гектар тұқым себіліп қойылған, ал оған дереу су берілмесе шіріп кетуі мүмкін.

Дегенмен артынан себілген 30 гектер жердің өнімі нашарлау. Қалғаны уақытымен өсіп келеді. Қытайлықтардың есебінде әр гектардан тамшылатып суару әдісімен 100-150 тоннаға дейін өнім алу көзделеді. Орташа есеппен 125 тоннаға дейін алу міндетті. Биыл көп кедергілерді ескере отырып 60-70 тоннаға дейін өнім алсақ, олда жаман емес деп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Бүгінге дейін серіктестік Үкіметтен бір тиын алмаған. Осы инвесторлардың салған ақшасымен тірлік істеп жатыр. Бұл жерде ең пайдалы дүние 340 гектар жерге тамшылатып суару әдісінің орнағаны. 1,5 метр тереңдікте 34 шақырым турба жатыр. Ол 25 жылға дейін жарамды. Оны эксковатормен қазып, әдемілеп көміп, жер бетіне арнайы су желідерін жіберген. 

Тұқым себілгеннен кейін 15-20 адам күнделікті жұмыс істеген. Олар су желілерін жалғап отырған. Басқа қол жұмысы жоқ. Бәрі техниканың көмегімен жасалады. Ең бастысы, жұмыс күшіне үнем. Мәселен 275 гектар жерді 4-ақ адам суғарып отыр. Біреуі жетекші, қалғаны мотоциклмен барып, тетіктерді басып отырады. Бір атыз су ішіп біткеннен кейін келесіге ауысады.

Жалпы тамшылап суару кезінде су 8 есе үнемделеді. Шаруа өзен, көлден немесе су қоймаларын су алып отырған жоқ. Бір скважинаның күші 50-56 гектар жерге жетеді. Одан кейін тыңайтқышқа да жеңіл. Химиялық қоспа 68 есе үнемделеді. Қытайлықтар қызылша сепкенде химиялық тыңайтқышты мөлшерлеп беріп отырады. 

Мәселен бұрын осындағы шаруалар әр гектарына 200 кг-нан бір-ақ рет қана жіберетін. Калийді бір рет 200 кг, фосфор мен азотты да солай. Бұл тәсілде жағдай басқаша. Тамшылап суғаратын апараттың жанында арнайы цементтелген шұңқыр болады. Сол жерге 50 кг тыңайтқыш тастап отырады. Насостың көмегімен сол азғандай ұғыт бәріне жетеді. Бұл өте ыңғайлы әрі ұғыт далаға кетпейді.

Бұрын біз ашық су көздерімен суғарып, ағын су рәсуә болатын. Екіншіден 200 кг ұғыт қызылшаға толық әсер бермей, сумен ағып егіннің аяғына кетіп қалатын. Демек, суға, жұмыс күшіне және ұғытқа бұл тәсіл өте тиімді. Аз-аздан бере отырып, көп өнім алуға жол ашады. Мысалы көктемде 275 гектар жерде бар болғаны 40-қа тарта адам жұмыс істеді. Бұрын 200-300 адам еңбек ететін. Механизаторы бар, турбаны жалғайтыны бар, тетікті басатыны бар бәрі басынды қызмет көрсетті, – дейді Б.Сейірбаев.

Алакөлге қант зауыты қажет

Бұл әдіс-тәсілді әр шаруа көтере алмайды. Ол үшін мемлекет тарапынан үлкен көмек қажет. Мәселен, «BOLAT Group LTD» ЖШС осы маусымды шығынмен аяқтауы мүмкін. Пайдаға шығу үшін 500 гектарға себу керек болған. Оған үлгермеген. Себеп алғаш қазған скважинадағы кесел. Алакөл ауданына облыс жүктеген тапсырма 2 мың гектар жерге қант қызылшасын егу болатын. 

Бұл нәтижеге жету үшін тамшылатып суару технологиясы ауадай қажет. Оған бар шаруаның қалтасы көтере бермейді. Бір электр энергиясын тартудың өзі оңай емес. Әрбір 50 гектар жерге бір трансформатор қойылады. Ол 3 млн 700 мың теңгені құрайды. Оған столбы керек. Қараңыз, мың гектар жерге кемі 200-дей столбы кетеді. Ол әрбір 50 метр сайын қойылады.

Келісімшарт бойынша біздің міндет тоқпен қамтамасыз ету және су көзін табу болатын. Қалған дүние қытайлықтардың мойнына жүктелген. Дегенмен біз ойлағандай болмады. Қазір біз оларға біраз қарызбыз. Бастаған соң, аяғына дейін бітіруге уағдаластық. 15 жылға келісімшартқа отырдық. Енді 4 мың киловатт тронсформаторды қоюдың өзі 46 млн-ға шығып отыр. Әр насостың қуаты 70 киловатт, мың гектар жерге 19 насос қажет. 19 дегенін 2 мың киловатты құрайды. Біз 3 мың гектар жерге қызылша себуді көздеп отырмыз. Біз жылына 150 тонна өніп алсақ, қалған шаруалар 40-50 тоннадан жинады дегеннің өзінде Алакөлге қант зауаты міндетті түрде қажет, – дейді Б.Сейірбаев.

Трансформатор үнемі айналып отырады. Бір жерге 3 жылдан артық қызылша егуге болмайды. Яки 3 жыл сайын ауысып отырады. Ауыспалы егін ұйымдастырып, жүгері, жоңышқа, бидай себу қажет. Енді қожалыққа келесі жылы мың гектарға себу үшін мемлекеттен көмек керек.

Алдағы уақытта қытайлық компаниялармен жүздесіп, жобамызды көрсетеміз. Ауылшаруашлығылы министріне де барып, мән-жайды айтамын. Осы жылғы өнімді, келер жылғы өнімді бұйырса Ақсу қант зауытына тартамыз. Ол осы жерден 260 шақырым. Анау Көктұма, Жайпақ ауылдары 320 км жерден таасиды. Тасу шығынышаруаға пайда бермейді. Сондықтан жеке шаруалар шығынға кетіп, келер жылы себуге құлқы болмайды. Осы жағын Үкімет назарға алып, ауданға қант зауытын салуы қажет. Бұл бағытта да Қытайлықтармен келіссөз жүргізсе болады. Одан кейін шаруаларға электр энергиясын тартуға көмектессе жақсы, – дейді шаруа иесі.

Шыны керек, Жетісуда егін шаруашылығының мәртбесін қант қызылшасы көтеріп тұр. Қазір өңірде жүзден астам үлкенді-кішілі шаруалар тәтті түбір егеді. Өңірде Ақсу және Көксу – екі қант зауыты жұмыс істеп тұр. Кезінде Бескөл, Ескелді зауыттары да өнім қабылдайтын. Бұл жердегі бір мәселе алыс елді мекендерден қатынайтын шаруалардың жол шығыны. Зауыт өнімге бар-болғаны 3 теңге қосып, қабылдайды. Бұл жол шығынын ақтамайды.

Ел президентті су үнемдейтін озық технологияны енгізуді жылдамдату туралы тапсырмасына сай Жетісу өңірінде әр ауылдық округтер бөлінісінде 2024-2030 жылдарға арналған Мастер-Жоспар әзірленген. Мысалы, былтыр су өңірде үнемдеу технологиясын қолдану 9,3 мың гектарды құраса, биыл 31,2 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Соның 7,5 мың га тамшылатып, 23,7 мың га жаңбырлатып суару жүйесі болады. Биыл 42 шаруашылық 7 мың гектарға жуық жерде су үнемдеу технологияларын пайдалануда. Жыл соңынан дейін қызылша өнімін мол жинаймыз деп отырмыз, – дейді облыстық ауылшаруашылығы басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Елде білікті маман жоқ

Ендігі бір мәселе – сала маманың жоқтығы. Мәселен қытайлық білікті мамандарды Қазақстанды еркіндігі шектеулі. Өзбек не қырғыз азаматары секілді шаруаға араласа алмайды. Оларға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 

Дипломы бар мамандары келіп істеуі керек. Ал олардың Қазақстанға келгісі жоқ. Сол саланың ішінде жүрген шетел азаматы бізге келіп қызмет көрсетуіне заң аясында тыйым салынған. Жергілікті азаматтар жаңа технологияның қыр-сырын білмейді. Сондықтан істі білетін қытайлық мамандар келіп, бір жыл түсіндірсе, жергілікті жұртқа да жұмыс табылайын деп тұр.

Өзбек, тәжік, қырғыз азаматтары қалай келіп жұмыс істеп жүр, сол үрдісті қытайлықтарға да ашу керек. Шекарадан 26 камазбен 13 мерлік турба кіргіздік. Сол бекетте 6 күн тұрды. Сол 6 тәулікке 700 мың ақша төледік. Айқайласып жүріп өткіздік. Әбден зықымызды шығарды. Келген мамандарды жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері қамауға алды. Менен бастап бәріміз түрмеге тергеуден өттік, кейбірі түрмеге отырып шықты. Әрқайсымыз 200 мың теңгеден айыппұл төледік. Сондықтан Үкімет осы заңды түзеу керек. Бізде қазір істеп жүрген бір қазақ бар, ол да қандас бауырымыз, – дейді кәсіпкер.

Былайша айтқан шайнап берген асты жұта қоятын қазақ маманы жоқ. Қытайлықтарды арнайы шақырту жасап, В2 деген категориямен кіргізген. Дегенмен бұл категориямен Қазақстанда жұмыс істеуге болмайды.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру облысқа бөлінген квота шеңберінде және басшылықтың жанынан көші-қон, ішкі істер, еңбек инспекциясы органдарының өкілдері кіретін арнайы құрылған комиссияның ұсынысы негізінде жүзеге асырылады. Биыл квота 254 бірлік көлемінде бекітілді, былтырмен салыстырғанда 63%-ға қысқарды. 2024 жылдың басынан бері барлығы 257 рұқсат берілді. Оның басым бөлігі кәсіпорынішілік трансфер және маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстары арқылы шетелдік мамандарды тартуға берілді. Биылғы жылдың басынан бері Жетісу өңіріне шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар жалпы сомасы 37,2 миллион теңге салық төлемін төлеген.Қазіргі уақытта 34 жұмыс беруші 386 шетелдік жұмыс күшін тартып, 5,0 мың қазақстандық азаматты жұмыспен қамтып отыр, бұл қазақстандық қамтудың 93 пайызын құрайды, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ермек Мизамбаев

Биылғы жылы квота бойынша 7,5 мың еңбек иммигрант жұмыс істеп жатыр. Квота 93,7% игерілген. Талдықорған – 2922, Панфилов – 1851, Алакөл – 1511 , Ақсу – 110, Ескелді – 178, Қаратал – 123, Кербұлақ – 263, Көксу – 163, Текелі – 176, Сарқан – 1718 адам қызмет етуде.

Жалпы, қытайлық технологияны елге кіркізбесек біздегі ауылшаруашылықты тасбақа жүріспен жүре бермек. Кеңес өкіметі тұсында гектарына 50 тонна алса, бұл жоғары нәтиже болған. Ал қытайлық тәсілмен 150 тоннаға дейін алуға болады. Заманында жергілікті шаруалар рекорд көрсетіп, Еңбек ері Зылиха Тамшыбаевамен бірге Мәскеуге барған екен.

Биыл іргесін кеңіткен «BOLAT Group LTD» ЖШС алқап аумағындағы жұмысшылар үшін арнайы ғимарат салып, жатын орнына дейін реттеп қойған. Келер жылы ғимаратқа интернет тартып, заманауи компьютермен суару жүйесін енгізуді көздейді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы