«Жеңілдетілген» ЖК-ге салық 25 ақпан кейін төлесе не болады ? Айыппұл қосыла ма?
Жауап
2017 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған №120-VІ жаңа Салық кодексіне сәйкес 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әр айдың 25 күніне дейін жеңілдетілген декларация бойынша арнайы тәртіппен салық төлеуші жеке кәсіпкерлер салықтың мынадай түрлерін өтейді:
1) жеке кәсіпкердің қызметкер- лердің табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын және кіріс бойынша салынатын салық;
2) жеке кәсіпкердің қызметкерлердің табыстарынан сталатын міндетті зейнетақы жарналары;
3) жеке кәсіпкердің қызметкерлердің табыстарынан ұсталатын әлеуметтік аударымдар;
4) жеке кәсіпкердің қызметкерлердің табыстарынан ұсталатын міндетті әлеуметтік медициналық ұсталымдар;
5) жеке кәсіпкердің пайдасына төлейтін міндетті зейнетақы жарналары;
6) жеке кәсіпкердің пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің, 91, 92, 92-1 баптарына сәйкес (бұдан әрі – ҚР ӘҚБТК) жеке кәсіпкердің жоғарыда көрсетілген міндеттерін уақтылы және толық орындамау не тиісінше орындамау- уақтылы және толық төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық аударымдарды төлемеу ескерту жасауға әкеп соғады. Осындай іс-әрекеттер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған міндеттемелері бойынша іс қозғалып, шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін айыппұл қарастырылған, айыппұл сомасы орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған міндеттемелердің 20% мөлшерінде.
ҚР ӘҚБТК-нің 279 бабына сәйкес қызметкерлердің табысынан ұсталатын жеке табыс салығын уақытында төлемегені үшін салық міндеттемелерін орындамағанына байланысты сомасы 20% мөлшерінде айыппұл салынады.
Жанна Батабаева
09.04.2018 ж. жауап