Павлодар облысы Железин ауданында крахмал зауыты салынады

Ауданда зауытқа қажетті шикізат – өндірістік картоп өсірілмек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Железин ауданының әкімі Қанат Қашкиров мәлім етті.

– Ауданымызда крахмал өндіретін зауыт салынады, – деді Қанат Қашкиров. – Оған шикізат керек. Сондықтан картоп өсіріледі. Қарапайым картоп емес, өндірістік картоп өсіріледі. Сондай-ақ көп жылдық шөп өсіру ұсынылуда. Жоңышқа өсіріп, өңдеп, Қытайға сату көзделген. Бұл – өңдеу бағыты. Суармалы кластерге жатады.

Ал, суармалы алқаптың көлемі Железин ауданында жыл сайын артуда.

– Қазіргі уақытта егістік алқаптардың 9,3 мың гектары суармалы болып табылады, – деді аудан әкімі. – 2023 жылға қарай 2 есеге ұлғайтып, 18,5 мың гектарға жеткізсек дейміз.

Қанат Қашкировтың айтуынша, бүгінде зауыт салынатын жер анықталған. Қазір жерді зауытқа рәсімдеу жұмысы атқарылуда.

– Инвестор бар. Ол қаржыландыру жағын талқылауда. Келер жылы зауыт құрылысын бастау жоспарлануда, – деді аудан әкімі.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы