Жаңаарқалық диқан жергілікті халықты қарбызбен қамтамасыз етіп отыр

Жаңаарқа ауданының тұрғыны Сержан Түсіпбеков жергілікті халықты тәтті жидектермен қамтамасыз етіп, қарбыз өсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: inform.kz

Қарбыз өсіру идеясын көпбалалы әке Сержан Түсіпбеков бұрыннан ойластырған. Ол бақша шаруашылығы тақырыбын жан-жақты зерттегенін айтады.

«Жыл басында Сержан Түсіпбеков аудан басшысы Юржан Бекқожиннен көмек сұраған. Кәсіпкер қарбыз өсіру жоспарын ұсынып, оған жер бөлуді сұрады. Жер мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен оған 2 гектар жер бөлінді», – деп мәлімдеді Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жерді алғаннан кейін диқан оны дереу өңдеп, қарбыз отырғызды. Кәсіпкерге бүкіл туыстары көмектеседі. Болашақта аграрий егіс алаңын ұлғайтып, одан да көп жидек өсіруге ниетті.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы