Жамбыл облысында 47,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысында биылдан бері мемлекет меншігіне 47 536,43 гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: freeimages.com

Қайтарылған жердің басым бөлігін жайылымдар құрайды. Олардың жалпы аумағы 42 502,46 гектар. Бұдан бөлек, мемлекет меншігіне 2 969,05 гектар егістік және 2 064,93 гектар өзге санаттағы жер қайтарылған.

Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің мәліметінше, бұл жерлер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң талаптарын бұза отырып игерілген.

Биыл өңірге 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жоспары бекітілген болатын. Мамандардың айтуынша, жарты жылдың ішінде бұл жоспар толық орындалып, белгіленген межеден асып түсті.

Департамент өкілдері мұндай жерлерді мемлекетке қайтарудың ауылдық елді мекендер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені жайылым тапшылығы тұрғындар мен шаруалар жиі көтеретін мәселелердің бірі. Мемлекет қорына қайтарылған жерлер кейін заңнамаға сәйкес қайта айналымға енгізілуі мүмкін.

Жерді мемлекеттік бақылау аясында өңірдегі ауыл шаруашылығы алқаптарына тексерулер де жүргізілді. Соның нәтижесінде 6,57 гектар аумақта заңбұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғаларға оларды жою туралы нұсқамалар берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында құны 48 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылғаны хабарланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы