Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінген

Түркістан облысында ағымдағы жылы егістік көлемін 843,4 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің селекторлық отырысында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративный коллаж: АгроИнфо / Фото: из открытых источников

Аймақ басшысының сөзінше, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 5,3 мың гектарға артқан. Сөйтіп жалпы аумағы 125,5 мың гектарға жеткен. Әсіресе майлы және мал азығы дақылдары артып, 215,6 мың гектарға орналастырылған.

«Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар. Биылғы жылдың өнімі үшін егілген 177,6 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары басталды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар 21,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникаларының 92%-ы дайын. Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің 59,3 мың гектары егілді немесе 12%-ға орындалды. Агроқұрылымдар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі сондай-ақ, өңірде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінгенін жеткізді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан несиелендіруге 4,5 млрд теңге қаржы бөлініп, оның 3 млрд. теңгесіне өтінім мақұлданған. Бұдан бөлек, өсімдік шаруашылығын қолдауға 7,4 млрд теңге бағытталып отыр. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңдай жоба жүзеге асырылып, 262 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша 18,4 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Осы жобаның тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2 760 жобаны жүзеге асыру басталған.

«Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы қолға алынған. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 1 млн теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 300 жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Облыста жылыжайлар көлемін 1 400 гектарға ұлғайту көзделуде», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы кеңінен дамып, көлемі 3 мың гектардан асқанын атап өтті. Бір мың гектардан асатын алқапқа қосымша отырғызылмақ. Су үнемдеу технологиялары 24,1 мың гектарға ендіріліп, 10,2 мың гектарға ендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру» жобасы аясында 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделіп отыр. Қазіргі таңда азық – түлік белдеуінде 1,6 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналары орнатылып, екі өнім алынуда. Тәжірибе технологияның тиімділігін көрсетті. Дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге артқан.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы