Қарағандыда ескі агротехниканы қабылдайтын орын ашылды

Енді ескі трактор немесе комбайнды қаңтарып қоймай, өткізіп, ақша табуға болады. Еліміздің 10 аймағында агротехника қабылдайтын орын ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Соның бірі Қарағанды облысында. Бүгін қанатқақты жоба таныстырылып, алғашқы алты трактор қайта өңделді. Бұдан фермерлер не ұтады?

Фото: 24.kz

Шынжыр табанды мына 6 трактор Ақмола облысындағы агрофирманың біріне тиесілі. Көне техниканың жүрмей, қаңтарылып тұрғанына 15 жылдан асыпты. Қожайыны оны өткізуге шешім қабылдаған. Осылайша әрқайсысы 5 тонна болатын тракторлар бөлшектеліп, қайта өңдеуге жіберілді.

Константин Банщиков, агрофирманың бас инженері:

– Бұл техника іске жарамсыз, әбден тозған. Темір-терсекті жинап қойғаннан еш пайда жоқ. Өткізіп, орнына жаңасын алу керек. Қазір шаруашылығымызда отандық зауытта жиналған 2 трактор бар. Сапасы жаман емес. Сондай техниканың тағы бірнешеуін алсақ деген ниеттеміз.

Ауыл шаруашылығы техникасын тапсырғандарға 560 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі аралықта жеңілдік сертификаты беріледі. Кейін ол құжатты жаңа көлік алған кезде пайдалануға болады. Әзірге қабылдау орындары еліміздің 10 аймағында ашылып отыр.

Медет Құмарғалиев, компанияның басқарма төрағасы:

– Жылдың аяғына дейін жоспарымыз бар 100 трактор, 20 комбайн қабылдаймыз деген. Бірақ бүгін сағат 9-да осы бағдарлама іске қосылып кетті ғой. Сағат қазір 12, үш сағаттың ішінде 30 техникаға кезек толып қойды. Кезектің барлығы автоматты түрде, автоматтанған интеграциялы жүйеде толтырылады.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні республика аумағында 70 мыңға жуық ескі агротехника бар. Сондықтан бұл жоба келешекте шаруашылықтардың автпаркін 80 процентке дейін жаңартуға серпін береді. Тиісінше экологиялық жағдай да жақсармақ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы