Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді

Мал баққан ел жылыжай салып, диқаншылыққа бет бұра бастады, деп хабарлайды 24KZ. Түркістан облысының Бәйдібек ауданының тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Енді бау-бақша, көкөніс дақылдарын егіп жатыр.

Фото: pixabay.com

Қошқарата ауылының тұрғыны тау бөктерінде құлпынай өсіріп отыр. Қошқарата елді мекенінің тұрғыны Азамат Бекдәулетұлы 4 жылдан бері бақша, көкөніс дақылдарын егумен айналысады. Былтыр құлпынайдың 15 мың түп көшетін еккен. Күздің күні алғашқы өнімін жинап алса, биыл екінші рет өнім алды. Шаруа бұрын құлпынайды сарыағаштық диқандардан сатып алатын.

Азамат Бекдәулетұлы, кәсіпкер:

– Содан кейін неге ауылда өзіміз жасап көрмеске дедік. Бізде енді Бәйдібек ауданында мал шаруашылығы ғой. Егін шаруашылығына ауыл жастарының қызығушылығын арттыру мақсатында егіп көрейік дедік. Таулы аймаққа, ауа райына жақсы, күтім керек тек қана. Үнемі адам болуы керек басында.

Бәйдібек ауданы таулы, ауа райы қолайсыз болғандықтан, шаруа көшеттің суыққа төзімді сұрпын еккен. Алғашқы терімде күніне 200 келідей өнім алғанын айтады. Құлпынай дәмді әрі дәруменге бай. Ешқандай қоспасыз, табиғи жолмен өсірілген. Ол үшін тынбай ізденіп, білмегенін үйреніп, білікті мамандардың тәжірибесіне сүйеніпті.

Азамат Бекдәулетұлы, кәсіпкер:

– Қыстан үсірмей алып шығу үшін бетіне клеенка жабылады. Бір күн беті жабық болса, екінші күні ашылады. Көп адам сенбеді, әлі күнге дейін ауылдағылардың көбі сенбейді. Бәйдібек ауданында, бізде бұндай нәрсе өсіп шығады деп ешкім ойламады. Өсіріп шығардық. Бұйырған жемісін күнара теріп жатырмыз.

Диқан алқапты тамшылатып суарады. «Табиғи өнімге нарықта сұраныс жоғары», – дейді. Берісі Шымкент, арысы Алматы мен Өскеменге жөнелтіп жатыр. Жергілікті әкімдік: «бау-бақша өсіріп, жылыжай саламын деген азаматтарға қолдау білдіруге дайынбыз», – дейді.

Ғалым Шабдезім, Борлысай ауылдық округінің әкімі:

– Бізге өтініш жасап, қазір 2 гектар жер қосымша тағы беріп жатырмыз. Үлкейтемін, жылыжай саламын деп жатыр. Біз қуанып жатырмыз. Елдің бәрі. Бізге ең алдымен осындай бастайтын азаматтар керек қой. Ел көзімен көргеннен кейін құлшыныс болып, қазір жастар қозғалып жатыр. Осы құлпынай басталғалы ері бау-бақша егеміз деп 12 азамат жер сұрап, оларға 20 гектар жер бердік.

Жалпы Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді. Сарыағаштық диқандар құлпынай шаруашылығына заманауи технологияны енгізді. Өңірде қазір 250-ден астам шаруашылық құлпынай өсірумен айналысады. Олар өткен жылы мың тоннадан астам өнім жинады. Дегенмен еліміз әлі де Қырғыстан мен Өзбекстаннан келетін имортқа тәуелді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы