Тоқаев әкімдер бүлдірген жер мен жайылым мәселесін шешеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталатынын еске салды. Оның сөзінше, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет, ал ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz.

Фото: freeimages.com

– Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын, – деді Тоқаев.

Қазақстанда қазір Президенттің тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Онда ауыл халқы, экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер болады. Тоқаев бұл мәселені алдағы бес жылда шешуге тиіспіз деді.

– Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Менің тапсырмам бойынша Су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды. Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау, – деді Президент.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы