Тиімділікке бағытталған тың тетіктер

Қағаздан ары аспаған шаруалар іс жүзінде қолға алын­бақ. Биыл электрондық астық қолхаты жүйесі кәдеге асырылмақ.

Демеуқаржыландыру автоматтандырылады

Министрлік мөлдірлікке басым­дық бермек. Күдіктен гөрі сенім­ді арттыру діттелген. Оған сәйкес сын садағына жиі алынатын деме­уқаржыландыру жүйесі автомат­тандырылады. Бұған дейін оған облыс әкімдіктері қожалық етсе, енді оның тізгіні «Атамекен» ҰКП жүктеледі. Әзірге электрондық күйге ауыстырылатын субсидия­лау ережелері беймәлім. Нақты тетіктер әлі де пысықталуда.Елі­міздің барлық өңірлері үшін ере­желердің ортақ болуы мықтап қаперге алынбақ.

selhoz-produkciya– Демеуқаржының 90 пайызы жергілікті атқарушы орган­дарға берілген. Ортақ мәселе әр облыста әрқилы шешіледі. Бірі демеуқаржыны жедел үлестіреді, бірі сағызша созады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында екінші жартыжылдықтан бастап өтінішті қабылдамай, желтоқ­сан айында жедел түрде кірісіп, шешім қабылдаған және қар­жыны берген. Мұндай жағдайға ұрынбас үшін бұл процесті авто­маттандыруға бекіндік. Негіз­гі міндет – ешбір субъективті ықпалға жол бермеу үшін ада­ми факторды азайту. Оның ере­желері жан-жақты талқыланады және барлығы үшін бір үлгіде болмақ. Демеуқаржы бизнеске арналғандықтан, Ұлттық кәсіпке­рлер палатасы оператор қызме­тін атқарады. Оператор автомат­тандырылған бағдарлама қабыл­даған шешім бойынша бюджеттік қаржыны бағыттайды. Біз бар­лығын ҰКП бере салған жоқпыз. АШМ демеуқаржыны автоматтан­дырудың ережелерін бекітіп, оның идеологиясын қалыптастырады, – дейді Ауыл шаруашылығы мини­стрі Асылжан Мамытбеков.

Демеуқаржыны автоматтан­дыру жүйесі 2017 жылдан бастап күшіне енеді. Оны әзірлеуге қаражат әдеттегідей ел қазына­сынан жұмсалмайды. Бағдарла­ма тартылған қаражаттың есебі­нен құрастырылмақ. Бұл мемле­кеттік-жеке әріптестіктің өнегелі үлгісіне айналатынына атқаміне­рлер сенім артып отыр.

Қолдау мамандану кар­тасымен үйлестіріледі

Демеуқаржыландырудың тиім­ді тетіктері ғана иек артылмақ. Министрлік қазына қаржысының берекесін кетірмей, нәтижелік­ке салмақ салынады. 2017 жыл­дан бастап демеуқаржыландыру саясаты өңірлердің маманда­ну картасына сәйкестендіріле­ді. Талап қатаң. Картаға енбе­ген жобаларға қолдау көрсе­тілмейді. Аймаққа тиімді әрі табиғи жағдайларға сай келе­тін бастамалар ғана қолға алы­нуы тиіс. Аграрлық ведомство басшысының айтуынша, «шөл­ді жерлерде сүт фермалары саңырауқұлақтай қаптады».

«Біз Потиде, Владивосток­та терминалдарды салу және астықты тасымалдауды деме­уқаржыландыру іспетті идеялар­дан бас тартуымыз қажет. Оған ел қазынасынан жылына 15 млрд теңге қаржы жұмсалған. Темiр жолдарды, оның iшiнде ресей­лiк темiр жолды субсидиялаған­нан гөрі қаражатты одан да біз­дің тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге, тұқым шаруашылығын дамытуға, техника сатып алуға, лизингтi демеуқаржыландыруға бағыттағанымыз жөн. Себе­бi, Қостанайдан немесе Аста­надан Новороссийскіге дейiн­гi тариф шамамен 100-120 АҚШ долларын құрайды. Бұл астықты тасымалдауға жұмсалатын көлiк шығыны», – деп мәселені Асыл­жан Сарыбайұлы жайып салды.

Импорттық тұқымға талап жеңілдетілді

Тағы бір жаңашылдық. Астық қолхаттарыда қағаз күйінен арылады. Енді олардың элек­трондық үлгісі кеңінен кәдеге жаратылмақ. Шенділер заманға сай жүйенің артықшылықтарын дәлелдеп бағуда. Әуелі нан қабылдау кәсіпорындарының іс-қимылы қатаң сүзгіден өткі­зіледі. Олар өздерінің қалау­ларына қарай өтінімдерді жазып бере алмайды. Тек техникалық сыйымдылыққа байланысты нақты шектеу белгіленбек. Екін­шіден, электрондық астық қол­хаттарына келешекте несие де қарастырылады деп күтілуде. Осылайша олардың аты затына сай болуына баса мән берілмек.

svoi-semena-tomatov-1Ал сырттан дорбаланатын тұқымды сынаудың шылбырын босату ұйғарылған. Оны 3 жыл бойы сүзгіден өткізу, сапасын сынау және сертификаттау қажеттігі кешегі күннің еншісінде қалды. 2016 жылдың қаңтарынан бері елімізге жеткізілген тұқым­дардың сұрыпын сынау талабы жойылған. Енді импорттық тұқым­дарды сатып алған шаруаларға еш айыппұл салынбайды. Тек өсімдік ауруларының таралуына жол бермеу үшін тауар өндіруші­лер фитосанитарлық нормаларды қатаң сақтағаны ләзім.

– Ветеринарияда іспетті фито­санитарлық қызметте де халықа­ралық стандарттарды ендіру қажет. Ветеринария бойынша ілгерілеушілік бар. Біз Халықа­ралық эпизотикалық бюроның белсенді мүшесіне айналдық. Дәл осы секілді жұмыс фито­санитарлық қауіпсіздік бойын­ша қолға алынуы тиіс. Тиісті халықаралық ұйымдарға белсен­ді қатысып, талаптарды ендіру қажет. Бұл – 2016 жылдың басты міндеті, – деп басты межелерді еліміздің бас аграрийі жіпке тізді.

Сапа қатаң қадағаланады

Жалған өнімді жасауға бүй­регі бұратындардың ісіне тосқа­уыл қою – әбден жауыр болған мәселе. Оның еш кедергісіз әрі еркін сатылатыны баршаға мәлім. Бірақ сапасыз тауарды бақылау әрі тәркілеу бойынша әлі де қағылып келеміз.

Контроль качества продукции 640х480– 4 министрлік жауапты және 4-уі де жауап беруі қажет. Бірақ түптің түбінде оған ешкім жау­ап бермейді. Бір-біріне сілтеу­мен келеді. Кесірінен біздің тау­ар өндірушілер сауда сөрелерін­де жалған өнімнің барынан тау­ар шығару екіталай екенін алға тартады. Бүгін сауда сөресінен алып тастасаң, ертең базарда сатылады. Базардан тәркілесең, басқа жерде саудаланады. Оны ешкім жоймайды. Оның түйінін тарқатсаң, серіктестермен мәсе­лелер туындайды. Сондықтан жалған өнімдермен күрес бойын­ша қызметті АШМ беру шеші­мі қабылданды, – деп мәселе­нің мәнісін деді ҚР Премьер-Ми­нистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев түсіндірді.

Қолда барды бағалап, оны сыртқа саудалаудың жаңа көзде­рін табу қажет. Отандық өнімдер жаңа нарықтарды бағындыруы тиіс. «Қытай компартиясының ОК пленумымен органикалық өнімге көшу шешімі қабыл­данып, олар Қазақстанның өнім­деріне айтарлықтай қызығу­шылық танытып отыр. Олар біз өндірген өнімдердің барлығын астықты, етті, балды, сүт өнім­дерін алатындықтарын мәлімде­ді. Тек сатып алмай, Қазақстанға инвестиция құйып, бірлескен кәсіпорындарды, жұмыс орын­дарын құруға, салық төлеуге және дайын өнімді алып кету­ге әзір», – деді ҚР Премьер-Ми­нистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Венера Мұстафина

 07.03.2016 ж. жауап

 Ссылки по теме:

Фитопрогноз: к чему нужно быть готовым фермерам в 2016 году

Принципы органического земледелия, или Как стать органическим фермером?

Зерновая расписка станет электронной

Зерновые расписки в Казахстане переведены в электронный формат

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы