Түйір нан – тамшы тер

Казахстан ДжанадиловАзаттықтың ақ таңы атқан жылдары қолына кетпенін алып, жерден ризығын татуға тәуекел еткендер аз емес. Оларға көпшілік таңырқай қарасқанымен, шаруалар кәсіп­терін дөңгелетіп алды. Бейнетінің зейнетін татып отырған жандардың бірі Ақмола облысында түтін түтетіп отыр. Оның есімі де өзгелерден ерекше, бойынан отаншылдық рух сезіле­ді. Қазақстан Жанәділовтың қалта қамын күйіттеумен қа­тар туған алтын бесігіне жанашырлығы соның бір айғағы. 24 жылда ісін дөңгелетіп алған кәсіпкер халыққа қолғабыс етуде.

1989 жылы Қазақстан ағамыз Целиноград ауылшаруашылық институтының дипломын ие­ленген. Жоғары білімді агро­ном бір жыл қалада тер төгеді. Алғашқы еңбек жолы қаладағы ауданаралық ауылшаруашылық химия базасында басталған. Айлығымен шайлығын айырған маман жарымен кеңесіп, ауылға аттануға бел буады. Дорбасын арқалаған жас отбасы аяққа тұрып, ата кәсіпке бет бұруды ұйғарған.

Державинск ауданына жолдары түсіп, агроном Львов совхозы­на орналасады. Оның күйреуін күтпей-ақ, жерден нәпақа табуды көздеген. Жас маманның мұра­тын құптамай, бірі тамсанса, бірі сыртынан әжуа қылған көрінеді. Дегенмен тәуекелге бел буып, 500 гектар алқапқа алғашқы мәрте дән сіңірілді. Құрал-жабдықтан қағажу тартқанымен, жалғыз тракторға шүкіршілік етілді.

– 1991 жылдары астымызда жеңіл көлік те атымен жоқ еді. Совхозда бірге істеген әріпте­сім маған қолғабыс етті. Біз бір­ге еңбектендік, іске жан бітірдік. Танап басына жету үшін күнде трактормен 18 шақырым бағын­дырылды. Бастапқыда тауқыметті көп тарттық. Бірақ жастық жалын мен түйген білімнің де үлесі елеу­лі еді. Ерінбей еңбек етсең, ернің асқа тиеді демекші, гектарынан 12 центнер астық бұйырды. Несие рәсімдеу ол кезде әбігерге тү­сірмейтін. Аудандық атқарушы комитетке арыз жазып, агроө­неркәсіптік қаржы институтынан 500 мың теңге қолыма берілді. Қаржыны трактор, ЗИЛ көлігін сатып алуға жұмсалды. Бағымыз ашылып, ісімізге қан жүгірді.Сол кезде дәннің бір тоннасын 8 мыңға сатып, қарызға алынған қаржыны да дау-дамайсыз қайтардым, – деп кешегі күндерді ой елегінен өткізген диқан бір күрсінді.Сыптай киінген агрономның майы сіңген киіміне қарап күл-ген үзеңгілестері оған бой түзей бастады. 1998 жылы Қазақстан ағамызды туған өлке Бұланды ауданына оралуды ұйғарған. Көктем келісімен ол алқапқа ат арылтып,дала жұмыстарына білек сыбана кіріседі. Оның басындағы шағын вагон 3 жылғы науқан барысында тамшыдан да, желден де пана болды. Жанына сая әкесі оң жолды нұсқап, қарамағындағы жұмысшылар қолғабыс еткен.

Айналымдағы қаржы есенген соң, диқан қоймамен, токпен қамданып алды. Енді дән сіңірілетін алқаптың көлемі 20 мың гектарға жетіп отыр. Көздеген жобаларын жүзеге асыру үшін несиеге жүгінеді. Бүгінде 7 мың тонна дәнді қамтитын элеватордың құрылысы қолға алынған. Енді сақтау мәселесі туындамай, кәсіпкер өзгені жағаламайды. Шаруашылық кеңейген сайын жауапкершілік те артады. Тындырылатын жұмысқа да баскөз болу қажет.

Егіншілікті бес саусақтай меңгеріп алған Қазақстан Жанәділов ата кәсіпті түлетуге қадам жасап отыр. Әзірге оның еншісінде 200 ірі қара әрі жылқы бар. Одан түсетін пайда аз-кем. Алайда кәсіпкер келешектің табысына үміт артады. Ол сүттауарлы ферма салуға дәмеленіп отыр. Нысан бой көтерсе, калмык тұқымды сиырларды жеткізуді қолға алмақ. Сәті түссе, 2 мың халық түтін түтеткен Никольск ауылындағылар үшін екі қолға бір күрек табылады.

Кәсіпкер бұйырған сары алтынды кәдеге жаратудың жолын тапты. Нәтижесінде арасы 40 шақырымды құрайтын Никольск әрі Новодонецк қос ауылдарында наубайхана іске қосылған. Күніне 500 бөлке нан елдіме-кендердегі дүкендерге түседі. Әрқайсысы тұтынушының дастарханына 35 теңгеден жетеді. Әзірге шаруа ұнды сәті түскен жерден сатып алады. Шығын ақталмайды, Қазақстан ағамыз жеке диірменін іске қосқан. Заманауи құрал-жабдық Түркиядан жеткізілді.Шаруа қара басының қамын күйіттемей, әлеуметтік жауапкер-шілікті сезінеді. Мәдениет үйі, мешіттің қараусыз қалған нысандар жаңа кейіпке енген.

– Жастарды ауылға тарту үшін жағдай жасау қажет. Бүгінде мек-тепке қолғабыс етіп, келешек-те спорттық кешенді ашуға ұм-тыламын. Меніңше, әр кәсіпкер өз еліне жанашыр болуы тиіс. Туған жердің гүлденуіне ине-нің жауындай үлес қосу – міндет. Оған қаржыны аямаймын. Ниет танытқандарға екі қолға бір күрек табылады. Тек көбі жеңіл жалақының жолын қуып, еңбек-тенуден ада,-дейді «Никольский» ЖШС басшысы.

Оның «Маңдайы терлемегеннің, қазаны қайнамайды» өмірлік қағидасы бар. Сәйкесінше де-малыс әрі мейрам күндерді аса жақтырмай, қызметіне ұмтылып тұрады. Қолы қимылдаса, жаны тынышталатын ағамыз еңбекқорлығымен өзгеге өнеге. Даурықпа сөздің орнына іспен отаншылдығын дәлелдейтін азаматтар молынан болғай. Өткен жылы етті бағыттағы жаңа 3 құс фабрикасы қолданысқа тапсырылды. Жұмыртқа өндіретін кәсіпорындардың қатары 5-ке қалыңдады. Олардың бірі таяуда Жамбыл облысында ашылады деп күтілуде. Құс өсірушілер ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуіне байланысты өнімнің өзіндік құны жыл соңына дейін 10-20 пайызға өсуі мүмкін екенін алға тартады. Оған сырттан тасымалданатын қоспалар мен ветеринарлық препараттардың қымбаттауы әсерін тигізеді.

 Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы