Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде 43 іс-шара жүзеге асырылды

Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды.

Фото: kazvodhoz-krg.kz

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.

“Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сонымен қатар “Алва” лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді”, – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Дерек көзі: Informburo.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы