СҚО-да су қоймаларын балықтандыру науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су қоймаларын балықтандырудың көктемгі науқаны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сурет: 24.kz

Соңғы екі күнде мамандар Есіл өзініне сиг тұқымдас балығының 41 миллион  шабағын жіберді. Олар жарты жыл бойы Петропавл питомнигінде өсірілген болатын. Арнайы құрылған комиссия тексеріп, қабылдап алды. Жалпы балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында биыл аймақта осы іспен айналысатын  кәсіпкерлер субсидия алатын болады. Яғни шыққан шығынын 50 процентін мемлекет қайтаратын болады.

Марат Есімсейітов, “Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы” РММ басшысының орынбасары:

– Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізінен балықтар резервтік қордағы су айдындарына жіберіледі. Яғни Есіл өзені Ресей Федерациясымен шектесетіндіктен ол халықаралық су қоймасы болып табылады. Ал тапсырыс беруші балық шаруашылығы комитеті. Жалпы қазір облыс аумағында жасанды балық өсірумен айналысатын 107 шаруашылық бар. Олар өз қаражаттарына көлдерді балықтандырып отыр. Енді сәтін салса, үшінші тоқсанда бұл кәсіпкерлреге субсидия төленетін болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы