СҚО-да егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп саласын дамытуға мемлекеттен 40 миллиард теңгеден астам субсидия беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір өңірде егістік науқанына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәлімет бойынша, агроқұрылымдар тұқым, жанармай қорымен толық қамтылған. Биыл диқандар қауымы 4 млн. 200 мың гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар оларға 130 мың тонна минералды тыңайтқыш қарастырылған. Бүгінгі таңда шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 миллиард теңге қаржылай қолдау көрсетілді.
Ерболат Бекшенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Қазіргі уақытта облыс бойынша 98 пайыз техника дайын. 2 проценті сол 1 – 2 аптаның ішінде дайын болады. Биылғы 3 айдың ішінде 407 техника алынды. Ол бағасына қарағанда, 6,5 миллиард теңгені құрайды.