СҚО-да биыл 2400 отбасы грант алып, өз ісін ашты

Солтүстік Қазақстан облысында биыл алғаш рет субсидия, гранттар мен шағын несиеге бөлінген қаржы 3 есе артып, 6,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников

2020 жылы шағын бизнесті қолдауға 5,5 млрд теңге бөлінбек. Нәтижесінде 2,8 млрд теңгенің 643 шағын несиесі берілмек. 1199 адам 357 млн теңге грант алады.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, былтыр бұл мақсатқа 6,6 млрд теңге бөлініп, 2400 стартап жоба қаржыландырылды. Яғни, осынша отбасы өз бизнесін бастап кетті. Оның 81 көпбалалы отбасы. Түрлі салада өз кәсіптерін ашқан оларға 34 млн теңгенің шағын несиесі мен грант берілді.

«Жарты жыл бұрын біз халықтың табысын ұлғайту мақсатында ведомствоаралық комиссия құрдық. Әр апта сайын кездесіп тұрдық. Жарты жылдың ішінде көлеңкелі бизнеспен күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Маусым мен қазан айлары аралығында ақшасыз төлем 16%-дан 32% жетті. Жарты жылдың ішінде пост терминалдардың саны 477-ге артып, 3534-ке жетті», – дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Қазір СҚО-да 30 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері бар. Өткен жылмен салыстырғанда 4,6 % артқан. Барлық салықтардың 58 % – 41 млрд теңге осы шағын бизнеспен кәсіпкерлерден түскен. Шығаратын өнім көлемі де былтырғымен салыстырғанда 10 % артып, 172 млрд-тан 209 млрд теңгеге жетті.

Өңірде жыл басынан 12 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды. 28 мың адам жұмысқа орналастырылған. Келер жылы тағы 12 мың тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы