ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтті, деп хабарлайды 24KZ.

Фото: pixabay.com

Мамандар қазір таулы аймақтағы өзендердің арнасын тазалап, кейбір бөліктерде судың бағытын бұрды. Бұл етекке орналасқан елді мекендерді су басу қаупін азайтады. Тау қыраттары мен қалың орманды аумақтарға қарапайым көлікпен жету мүмкін емес. Сол себепті құтқарушылар ауыр техниканы жұмылдырды.

Черемшан – тау етегіндегі шағын ауыл. Сай-саладан келетін су тез жиналады. Әсіресе іргеде ағып жатқан Үлбіден қауіп көп. Сондықтан ұзындығы 100 шақырымға жететін өзеннің арнасы тазаланып, 30 метрге дейін кеңейтілді. Бұдан бөлек құндыздар салған бөгет те бұзылды.

Мұндағы жұмыс барысында барлық табиғи факторлар ескерілді. Қазір сіресіп жатқан омбы қар көктемде сарқыраған суға айналып, Үлбіге қосылады.

Констатин Боровиков, Глубокое ауданы ТЖБ басшысының м.а:

– Үлбі өзені 4 метрге тереңдетілді. Сонымен қатар арнасы аршылды. Жаңа Үлбі жақта да осындай жұмыстар жүргізілді. Әйтпесе он шақты үйді су басу қауіпі бар.

Құтқарушылардың қазірден бастап қамданатындай жөні де бар. Еліміздегі су қорының 60 проценті Шығыс Қазақстанға тиесілі. Ал тасқын қауіпі жоғары аймақта 71 елді мекен тұр.

Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Жоспарланған жұмыстар ол өзен арналарын тереңдету, тазалау нығайту жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс шаралар су басу қауіпін азайтуға, су тасқыны мерзімінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағтытталған.

Жалпы өңір бойынша шалғай аудандарда осындай 30-дан астам инженерлік шара жоспарланған. Қазір соның 26-сы іске асырылды. Мамандар қыс бойы дайындықты тоқтатпаймыз дейді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы