ШҚО-да шошқа өсіретін кешен салына ма?

Кәсіпкерлер шошқа өсіретін төрт бірдей кешен мен жем-шөп зауытын салуды жоспарлаған. Барлық санитарлық талаптарды сақтаймыз, ел сенімін ақтаймыз дейді. Ал ауыл тұрғындарының пікірі екіге жарылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

kalkulator
Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Инвесторлар екі мыңға жуық ауыл тұрғынына жұмыс тауып береміз дейді.  Жергілікті әкімдікпен арадағы меморандум аясында үш ауылға ай сайын 60 миллион теңге құюға дайын.

– Ертең свет өшейін деп тұр. Жол болмайды. 15 үйге кім қарайды? Инвестор керек боп тұр ғой бізге қазір.

– Айтқан уәделеріне қарасақ, ауылды көркейтетін секілді. Ауылымыз тозып тұр. Мектеп жоқ, дәрігерлік пункт жоқ.

– Өз басым қарсы емеспін.

Андрей Чистюхин, инвестор:

– Меморандумға қол қойдық. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әр кешеннен 20 миллион теңге береміз. Бұл қаражат үш ауылдың игілігіне жұмсалады. Тұрғындар қандай тілек айтады, орындауға әзірміз.

Ауыл тұрғындарының бір тобы ферма құрылысына бұған дейін бірнеше рет қарсылық білдірген. Он төрт мың бас талпақ танаудың айналаны ластамасына кім кепіл? Бұған мал сою алаңын қосыңыз. Ал жергілікті әкімдік өкілдері алаңдайтын ештеңе жоқ, экологтардың келісімін алдық дейді.

Ренат Құрмамбаев, Ұлан ауданының әкімі:

– Былтырғы жылдан бастап экологиялық кодекс күшіне енген. Жобалық сметалық құжат әзірленуде. Заңға сәйкес болмаса мемлекеттік сараптама ала алмайды. Данияда және Башқұртстанда осындай жобалар жұмыс істеп жатыр.

Ферма құрылысы әзірге жоспар күйінде. Нақты шешім жергілікті тұрғындардың пікіріне байланысты қабылданады. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы