ШҚО-да ауылшаруашылық маманы жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық саласында маман тапшы, деп хабарлайды «24KZ». Әсіресе трактор жүргізушілері мен механизатор табу қиын. Ауыл-аймақтағы осы түйткілді шешудің жалғыз жолы – арнайы колледждерде жастарды оқыту, дейді жауаптылар.

Иллюстративное фото: ©АгроИнфо

Дегенмен олардың да өз мәселесі бар. Мысалы, Самар ауданының аграрлық колледжінде студенттерді оқыту үшін 30 жыл бұрынғы ескі техника пайдаланылады.

Самар ауданындағы аграрлық – техникалық колледждің 65 жылдық тарихы бар. Осы уақытта 20 мыңнан аса маман дайындап шығарды. Көне білім ошағының әсіресе ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорындар үшін алар орны айрықша. Өйткені трактор айдайтын не жөндейтін адам таппағанның бәрі осында келеді.

Рамиль Ягудин, шаруа қожалығының өкілі:

– Қазір біздің мекемеде 8 механизатор жұмыс істеп жүр. Ал шын мәнінде 20 адам болу керек еді. Өйткені бүкіл егістік алқабындағы шаруалар осы мамандардың арқасында іске асады. Аграрлық колледжді бітірген 4 түлек біздің қатарымызда еңбек етіп жатыр. Жастар әлі де керек.

Сондықтан аграрлық колледжге артылған жүк ауыр. Орал Мұстафин 20 жылдан бері студенттерге техниканың тілін үйретіп жүр. Әр бөлшектің атын атап, түсін түстеуден жалыққан емес.

Орал Мұстафин, аграрлық-техникалық колледж оқытушысы:

– Өздері бұзады өздері жинайды,қай нені бұзып жатқанын атын атайды головка шешеді,бәрін басынан бастайды бәрін түгел өздері білетіндей. Мынадай техника қазір енді керек мамандық қой ауыл шаруашылығында ең керек мамандық тракториcт қой, қазір кез келген шаруа қожалығына барсаң кім керек десең, механизатор керек дейді.

Дмитрий Фролов, колледж студенті:

– Мен бала кезден бастап егістіктегі жұмысты көріп өстім. Өзім ірі техниканың жүргізгенді,жөндегенді қатты ұнатамын.Енді осы жерден бәрін үйреніп шықсам, тез жұмыс табам деп ойлаймын.

Ауылшаруашылық кәсіпорындары асыға күтіп отырған түлектерді заман талабына сай оқытып шығу оңай емес. Себебі колледждегі ауыр техникалар қатары әбден тозған. Мұндағы шеберлер 30 жыл бұрынғы тракторлар «Жұмысшы мамандықтар» жылында жаңартылар деген үмітте.

Жаңабай Мусин, колледж оқытушысы:

– Біз жастарды оқытып жатқан техникаларымздың дені ескі, сонау 70-80 жылдары шыққан. Ал шаруашылықтарға барсаң бәрінде су жаңа тракторлар тұрады. Әрине бұл ыңғайсыз. Сондықтан биыл жұмысшы мамандықтар жылында дәл осы мәселе шешілер деген ойымыз бар.

Ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, салада 234 кадр жетпейді. Дегенмен, өлкеде егін егіп, жерт жыртқан ел көп. Ендеше бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы