Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға өсті

Қазақстанда ветеринария саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында ветеринариялық қызметті жетілдіру, еңбек жағдайларын жақсарту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Соның нәтижесінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға артты, леп забарлайды Kazinform.

Фото: ©jarmoluk / pixabay.com

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің хабарлауынша, Еңбекақыны арттыру қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, ветеринария саласының тартымдылығын арттыруға, білікті мамандарды сақтап қалуға және жаңа кадрларды тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері ветеринария саласын дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға және кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған шешімдерді қолдағаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғыстарын білдірді.

Ветеринария саласы мамандарының еңбек жағдайларын жетілдіру және әлеуметтік қорғалуын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Алдағы уақытта ветеринариялық қызметтің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жағдайларын кезең-кезеңімен жақсарту мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы