Павлодардан 18 тонна алма оңтүстікке қайтарылды

Ертіс өңірінде карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдауда фитосанитарлық талаптарды бұзғаны үшін 1 млн 616 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Шүйкенов мәлім етті.

Фото: freeimages.com
Фото: freeimages.com

“Өсімдіктер карантині инспектораларымен облыстың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантинге жатқызылған өнімдердің тасымалдау тәртібіне сәйкес карантиндік бақылау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың маусым айының 26-сы күніндегі жағдай бойынша жыл басынан бері карантиндік зертханаға 630 карантинге жатқызылған өнім үлгісі келіп түскен. 742 зертханалық анализ жүргізіліп, 474 фитосанитарлық сараптама қорытындысы берілген. Жалпы, облыс ішінде тасымалданатын, импортталатын және экспортталатын өнімдер тексеріледі, деді Арман Шүйкенов. Павлодардан 18 тонна алма оңтүстікке қайтарылды.

Спикердің айтуынша, импорт барысында өңірге әкелінген 4064 тонна астық дақылдары, 2120 тонна көкеніс өнімдері, 95 тонна жеміс зертханалық тексеруден өткен. Нәтижесінде импортталған өінмдерден калифорниялық сымыр карантиндік нысаны және мониторингтік зерттеу барысында 3 жатаған укекіренің жаңа ошағы анықталды.

“Рахмет” базарына Оңтүстік өңірден жеткізілген алмадан калифорниялық сымыр анықталды. Бұл жағдай мамыр айының басында тіркелді. Тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Зиянкес анықталған 18 тонна алма кері қайтарылды”,- дейді Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

Жалпы, 2019 жылы карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдауда фитосанитарлық талаптарды бұзғаны үшін және фитосанитарлық шараларды жүргізу барысында 59 жеке және заңды тұлғаларға 1 млн 616 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген. Сонымен қатар, биыл облыстың шекара аумақтарында 5 фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру бойынша жұмыс жасалған. Бекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау үшін қажетті жабдықтар және 5 дана автокөлік,5 жылы жылжымалы тұрғын вагондар сатып алынды.

Фитосанитарлық бақылау бекеттері облыстың 4 шекаралас аудандарында орналастырылады. Соның ішінде Шарбақты ауданында «Шарбақты» бекетінде, Успен ауданында «Найза» және «Қосақ» бекеттерінде, Железин ауданында «Үрлі-төбе» бекетінде, Ертіс ауданында «Амангелді» бекетінде ашылады. Аталған бекеттер облыс аумағында экспорт және импортталатын карантинге жатқызылған өнімдердің фитосанитарлық бақылау жүргізуін толық қамтамасыз етеді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы