Павлодар облысында 900 гектар жерден дәнді-дақыл жиналады

Ертіс өңірінде биылғы жиын-терім науқанында 900 мың гектардан дәнді-дақыл алынады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 30%-нан өнім алынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фото: Ақмаржан Әділбек / baq.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Батырғожиновтың айтуынша, биылғы болжам бойынша 720 мың тонна дәнді-дақыл жиналуы тиіс. Орташа өнімділік – гектарына 8 центнер. 

Мамандардың мәліметінше, 77 мың тонна майлы дақыл, 527 мың тонна картоп пен 231 мың тонна көкөніс жиналады. Қазіргі таңда шамамен 500 шаруашылық жұмыс істейді. 

– Айта кетейік, өңірде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 326 ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 10 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бұл өткен жылға қарағанда 12%-ға артық. Аймақтағы астық ору жұмыстары бір айдың ішінде аяқталады деп күтілуде, – дейді мамандар. 

Сондай-ақ, шаруаларға 4,5 млрд тоннаның субсидиялары төленіп, қолдау тапты. Субсидия тұқым, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталды. Айта кетейік, биыл шаруа қожалықтарына 21,5 тонна арзандатылған жанар-жағармай берілді. 

Қазіргі уақытта егін ору науқаны Тереңкөл және Железин аудандарында қызу. Биылғы көктемде бірнеше фермерлік шаруашылық жауын-шашынның жоқтығынан зардап шекті. Дегенмен, бүгінде әр гектардан орташа есеппен 10 центнерден жинап жатыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы