Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін ҚТЖ–ның контейнерлік тасымалдарын пайдалану ұсынылады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері онлайн конференция барысында жүк тасымалдауда, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне контейнерлік тасымалдарды белсенді  түрде пайдалануды ұсынды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Компанияның ақпараты бойынша, Қазақстанда 2020 жылы магистральдық темір жол желісі қызметтеріне төменгі тариф белгіленді. Контейнерлерде дәнді және бұршақ дақылдары, ұн, жарма  өнімдері Ақтау, Құрық, Алтынкөл, Достық, Сарыағаш, Болашақ, Оазис және Луговой станциялары арқылы тасымалдау кезінде локомотивтік тарту тарифтерінің ең аз коэффициенттері бекітілген болатын.

Сондай-ақ, пандемия кезеңінде қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін 8 сағаттан астам тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін 10 есе мөлшерде төленетін төлемді ҚТЖ жыл соңына дейін алып тастады. Стамбул конвенциясы аясында контейнерлерді уақытша әкелу мерзімі 180 күнге дейін өсті.   

«Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Альмағамбетовтың хабарлауынша, контейнерлер арқылы жүктерді тасымалдауда жүктерді тиеуді, түсіруді тездетеді және сақталуын қамтамасыз етеді.       

«ҚХР жүктерді тасымалдау талаптарын қатаңдатты. Осыған байланысты тасымалдауда үлкен жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта Достық станциясы бойынша Қытай тарапы тәулігіне 12 құрам поезды, оның ішінде 10 контейнерлік поезды тасымалдайды. Осыны ескере отырып, біз жүк жөнелтушілерге контейнерлермен жүк ттасымалдауды ұсынамыз», – деді ол.        

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ контейнерлік жұмыс департаментінің директоры Азамат Секен заманауи жүйелер контейнермен жеткізілу  кезінде оны бақылауға мүмкіндік бар екенін атап  өтті.      

«Open-top және люктік контейнерлерге элеваторлардан астық тиеу қосымша қаржыны қажет етпейді», – деді Азамат Секен.      

Контейнерлік тасымалдаудың тағы бір артықшылығы-жеткізу мерзімі тез. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қазақстаннан Түркияға контейнерлік пойыздар 15 тәулік ішінде, Қазақстаннан Қытайға – 3 тәулік ішінде жеткізіледі. Бұл ретте жүк жөнелтушілер үшін контейнерлер теміржол станциясының, порттың аумағындағы немесе Тапсырыс берушінің үй-жайындағы тауарлардың уақытша қоймасы бола алады.       

Жалпы, «ҚТЖ ҰК» АҚ желісі бойынша контейнерлерді тасымалдау 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40% – ға өсті және 686 мың ЖФЭ құрады. Экспортқа 113 мың ЖФЭ жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% – ға жоғары.

Дереккөзі: Eldala.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы