Мемлекеттік грантқа талап – қатаң

Бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрып, өз ісін ашуға ниет білдіретіндердің қатары қалың. Бірақ діттеген мұратқа жетуге қаржының тапшылығы қолбайлау.

Ал қаржы институттары­на жүгіну үшін де ұсынылатын кепіл қажет. Тек екінің бірі талап үдесінен шыға бермейді. Ауыл­дағы ағайынның кәсіпкерлік ынта-ықыласын оятатын қолдау тетіктері мықтап қолға алынған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл­да мемлекеттік гранттар үлесті­ріледі. Қолдауға арналған қар­жыны қайтарудың қажеті жоқ. Тек арнайы комиссияның сүзгі­сіне ұсынылатын инновациялық жобалар талап үдесінен шығуы тиіс. Оны бүгінде солтүстікқаза­қстандықтар сын тезінен өткізу­де. Биыл 46 ауыл тұрғыны бағын сынауға ниет білдірген. Олардың 14-і нәзік жандар. Ұсынылған жобалардың 15-і ауыл шару­ашылығы саласына байланысты болып отыр. Мәселен, Айыр­тау ауданының тұрғыны Лидия Шеремет жеміс-жидек бақшасын баптауды армандайды. Жобасы құпталса, қаржыны көшеттер­ді сатып алуға жұмсамақ. Ал Жамбыл ауданының тұрғыны Ляззат Жанбұлова құлпынай өсі­руді кәсіпке айналдыруды діттеп отыр. Ол үшін финдік технологи­яға иек артпақ.

Яблоки

– Құрама-жем шығаруға, қой мен ешкі және түйе шару­ашылығымен айналысуға, бөде­не өсіруге бағытталған идея­лар бар. Биыл өтінім тапсырған 46 адам өздерінің жобаларын қорғады. Енді оларды жан-жақты сараптаған комисси­яның тоқтамы шығарылады. Оның қатарында өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің, М. Қозыба­ев атындағы Солтүстік Қаза­қстан мемлекеттік университеті­нің, жергілікті кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілі бар. Үздік жобалар анықталып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі, – деп баян­дады СҚО Кәсіпкерлер пала­тасының баспасөз хатшысы Айсұлу Құсайынова.

Биыл кәсіпкерлік гранттарға 16 млн теңге қарастырылған. Қаржы үздік жоба авторлары арасында үлестіріледі. Олардың әрқайсысы көп дегенде 3 мил­лион теңгеге дәмелене алады.

Былтырғы деректерді тер­гіштесек, солтүстікқазақстан­дықтар тарапынан 40-қа жуық жоба жолданған. Олардың 6-уы үздік танылып, 11 млн теңге көлеміндегі қаржы өзара бөлі­ніп берілді. Мамандардың сөзі­не сүйенсек, қайтарымсыз гранттың жобаға сәйкес кәде­ге жаратылуы қатаң қадағала­нады. Қазына қаржысының тиім­сіз жұмсалуына жол берілмейді.

Венера Мұстафина

15.08.2016 ж. жауап

Также читайте:

Фонд начал кредитование микрофинансовых организаций по программе «Дорожная карта бизнеса–2020»

Демеуқаржыландыру тәртібі өзгермек

3 млн тенге – на развитие тепличного бизнеса

Казахстан: Когда свой овощ дороже привозного

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы