Қызылорда облысында Арал шаруаларына шөп дайындауға арнайы бригадалар құрылды

Қызылорда облысында Арал ауданындағы қуаңшылыққа байланысты шөп дайындауға арнайы бригадалар құрылып, оған адамдар күші мен қажетті техникалар жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында және мал азығын дайындау мәселесі талқыланды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, алдағы қысқы уақытқа төрт түлікке 942,4 мың тонна ірі азық қажет. Биыл жоңышқа дақылынан 220,2 мың тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр. Ал қалған 722,2 мың тоннасы табиғи шөппен және күріш сабанымен толықтырылмақ.

Аталған мақсатта барлық аудан мен Қызылорда қаласында арнайы штабтар құрылған. Бүгінде шабындық жерлердің нақты көлемі айқындалды. Қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз ету іс-шара жоспары бекітілді.

«Облыс елді мекендерінде осы мақсатта 114 бригада құрылған. Оған 170 ауыл шаруашылық техникасы мен 823 адам күші жұмылдырылуда. Әрбір елді мекенде ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі кәсіпкерлермен жем-шөпті қолжетімді бағада сату үшін тиісті меморандум жасалды. Қазір жаппай шөп ору науқаны басталды», – деді басқарма басшысы.

Қуаңшылыққа ұшыраған Арал ауданындағы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн режимде баяндаған аудан әкімі Серік Сермағамбетов қысқы кезеңге 184,6 мың тонна шөп қажет екенін атап өтті. Оның 36,5 мың тоннасы ауданның шабындық жерінен дайындалады. Ал, жетіспейтін 148,1 мың тоннасы сырттан тасымалдау жоспарланып отыр.

«Бұл мақсатта жасақталған 5 бригада құрамына 30 адам тартылды. Олар Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында шөп ору жұмысын бастап кетті. Одан бөлек, Жалағаш және Қармақшы аудандарымен меморандум жасалған, ол іске 3 бригада жұмылады.

Сондай-ақ, 3 шаруашылық «Азық-түлік келісімшарт rорпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 490 тонна арпа жемін сатып алуға келісім шартқа қол қойды. Қазір аталған қажеттіліктің 125 тоннасы ауданға жеткізілді. Қалғаны 1-2 күнде вагондарға тиеледі», – деді аудан әкімі онлайн режимде.

Облыс бойынша Арал ауданындағы төрт түлікті жем-шөп қорымен қамтамасыз етудің іс-шара жоспары бекітілген. Соған сәйкес әрбір ауданға Аралдағы ауылдық округтері бойынша бөлініс жасалды. Онда қажетті шөп көлемі нақтыланды.

Сондай-ақ, қуаңшылық жағдайы Қазалы ауданының кейбір ауылдарында көрініс берген. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл бойынша мал азығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі аудандық штаб құрылғанына тоқталды. Осы мақсатта арнайы іс-шаралар жоспары қабылданған. Ауданда қысқа уақытта төрт түлікке 142 мың тонна шөп және 28,6 мың тонна жем қажеттілігі нақтыланды. Қажетті шөптің 70,4%, ал жемнің 10% өз күшімен қамтамасыз етіледі, қалғаны сырттан тасымалданады деп жоспарлануда.

Селекторлық жиынды түйіндеген облыс басшысы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне жергілікті жерде алдағы қыс маусымына қажетті жем-шөпті толығымен дайындауды міндеттеді. Құзырлы орындар арқылы жемдік бидай, арпа және сұлы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру үшін аудандардан арнайы оператор белгіленуі тиіс. Шөп дайындау шарасына жұмыссыз жүрген жастарды және еңбекпен қамту орталығында тіркелген азаматтарды тарту жолын қарастыруға назар аударылады.

Аудандардың қажеттілігіне орай мемлекеттік орман қоры жерінен арнайы шөп дайындайтын аумақтар белгіленбек.

Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында егісті сумен қамтамасыз етуге арналған кесте қатаң қадағаланады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы