Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды – Жамбыл облысы

Тараз қаласына іргелес жатқан Жамбыл ауданына қарасты Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен бұлақ сауын ішіп келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Жалпы, Жамбыл ауданында 42 елдімекен болса, оның 29-ына орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Олардың қатары тағы да артып отыр. Нақтырақ айтсақ, 3000 тұрғыны бар Қызылқайнар ауылы ауыз суға қосылып, тұрғындардың қуанышы еселенді. Жоба – мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында 740 млн 760 мың теңге бөлініп, 950 аулаға су жүйесі тартылған.

Қызылқайнарлықтар осы күнге дейін Кеңес тұсында тартылған тозығы жеткен құбырлар арқылы, тау суын пайдаланып келген болатын. Алайда, ескірген құбырлар келетін тау суының құрамы соңғы кезде өзгеріп, сапасы да төмендей бастаған.

«Туып өскен мекенін кім жаман десін. Ауылымыздағы су құбырларының тозығы жеткен болатын. Оның үстіне су қорыда жыл сайын төмендеп келеді. Ал, жаңа су мұнарасы біздің көптен күткен тілеуіміз еді. Араға 70 жыл салып, ауылішілік көшеге құбырлар тартылып, әр аулаға су тетіктері орналастырылды. Осы орайда ауылдағылардың тұрмысын жақсартуға үлес қосып жүрген барша басшыларға алғысымды білдіремін», – дейді ауылдың байырғы тұрғыны Кенжетай Құрманқұлов.

Аудан басшыларының сөзіне сүйенсек, өңірде ауыз су мәселесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Ағымдағы жылы Шоқай ауылының ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы