ҚР АШМ: Қазақстанда астық дақылдарының жартысынан көбі жиналды

Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық дихандар 9,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың жартысынан көбін құрайды.  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Орталық коммуникациялар қызметінде биылғы  жылы өнім қалай  шығатыны туралы айтып берді. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: пресс-служба акима области Жетісу

Оның айтуынша, 12 ц/га орташа өнімділік кезінде 11,2 млн тонна астық бастырылды, бір жыл бұрын осы кезеңде 8,6 млн тонна астық бастырылған еді.

«Жалпы астық жинаудың болжамды көлемі 18,3 млн тонна, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтіліп отыр. Бұдан басқа, елімізде 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы бар, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар. Бұл республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бөлігін экспортқа өткізу және тиісінше біздің дәстүрлі нарықтарымыздағы сауда позицияларын сақтау үшін жеткілікті», – деп мәлімдеді вице-министр.

Фермерлер толықтай қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Жаппай егін жинау жұмыстары басталған кезде тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы іске қосылды, оған 40 млрд теңге бағытталды. 2022 жылдың 5 тамызынан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ  1130 бірлік техника сатып алуға 44,7 млрд теңге сомасына 874 өтінім қабылдады. 18,4 млрд теңге сомаға 345 өтінім бойынша қаржылық лизинг шарттары жасалды. 11,9 млрд теңге сомаға 160 өтінім мақұлданды.

Биыл дизель отынын тиеп жөнелтуде проблемалар туындаған жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген солярка бөлінді. Дихандар үшін республика бойынша орташа баға литіріне 203 теңгеден болды, бұл нарықтық құннан 15-20% арзан екенін айта кету керек.

Егін жинау науқанын табысты өткізудің негізгі драйвері – фермерлерді арзан несиелермен қамтамасыз ету болып табылады. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады. «Кең дала» бағдарламасы аясында 111,2 млрд теңгеге 3,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, соның арқасында 80 млрд теңгеге 1,1 млн тоннадан астам астық келісімшарт жасалды. Министрлік егін жинау науқанын өткізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге министрлікте аталған мәселе бойынша республикалық жедел штаб жұмыс істейді, аталған орган туындаған барлық түйткілді мәселелерді дер кезінде шешумен айналысады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы