Кәсіптен нәсіп тапқан оралдық кәсіпкер

Шағын цехта дырылдаған дыбыс дамылсыз шығады. Самал Сейтқалиева мұнда жүн түтетін құрылғы орнатып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: 24.kz

Әлгі аппарат ұйысқан жүнді әп-сәтте мамықтай қылады. Өңделген шикізаттан іскер әйел көрпе-жастық дайындайды. Кәсібі аз уақыт ішінде өрге баса бастаған.

Самал Сейітқалиева, ісмер:

– Шапшаң түтеді. Бір сағатта 20 келіні түтіп боламын. Бір төсекшеге 3,5 келі саламын. Ал сыртындағы бөзін өзім сатып алып отырмын. Осы ауылдың ішінде, басқа ауылдардан да келіп алып жатыр. Қалаға да беріп жібер деп жатыр, онымен ауыспай жатыр.

Ең ұтымды тұсы – шикізат қолжетімді әрі тегін. Тек Қошанкөлде ғана емес, облыс аумағында шаруалар малдың жүнін далаға тастауға мәжбүр. Өйткені оны қабылдайтын кәсіпорындар жоқ. Самал осындай ауыл шаруашылығы қалдығын қайта сұрыптайды. Тіпті жүнді жуып, тазалайтын жабдық та сатып алған. Негізгі жұмыстың бәрін темір техникалар тындырады.

Самал Сейітқалиева, ісмер:

– Қойдың жүнін қырқиды да, далаға лақтырып тастағасын, біздер өзіміз жинап алып келеміз даладан. Былтырдан бастап есептеп қарағанда, ақтады, шүкір. Алдағы уақытта жалғыз мына машина емес, тағы басқа машина алып, іс машина алып, сосын төсекше жасайтын аппарат болады ғой, сондай алып, сондай ойда бар.

Меңдіхан Халықұлы, Қошанкөл ауылының тұрғыны:

– Теріміз далада жатыр, жүніміз пәлен тонналап далада жатыр. Өндіретін құралдарды автоматтандырып, сол бағытта алғашқы қарлығашы деуге болады, сол бастап, жұмысын бастап кетті. Бұл енді өзінің уақытына байланысты, сол даму бағытында өзінің нәтижесін береді деген ойдамыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы