Коронавирус пандемиясындағы бизнес: Қалай инвестиция тартуға болады

Биылғы «Online Astana Finance Days» конференциясында әлемдік сарапшылар пандемия кезеңіндегі экономиканы дамыту мен қоғамды қолдаудың нақты шешімдері мен механизмдерін және COVID-19 кейінгі жағдайда бизнестің инвестор тарту қажеттігі туралы айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников

2020 жылдың басты оқиғасы – коронавирус пандемиясы болды. Бұл жағдай жаһандық экономикалық бәсеңдеуге әкеп соқты. Халықаралық валюта қорының соңғы болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономика бірден 4,9% құлдырайды, ал одан кейін 5,4% өсім күтілуде. Дегенмен, көп нәрсе адамзаттың пандемиямен күрестегі табысына тікелей байланысты болып отыр. 2020 жылдың соңына дейін науқастар саны азаймаса, рецессия 2021 жылы да жалғасуы мүмкін.

Мұндай жағдайда бизнестің өз жұмысын қолдауға немесе дамуына инвестиция тарту қиындай түседі. Инвесторлар барлығына сақтықпен қарайды және олардың көпшілігі дамушы нарықтардан капиталын шығарып жатыр. Мұндай жағдайда қаржылық алаңдар – халықаралық қаржы орталықтары көмектесе алады. Олар түрлі форматтағы қаржыландыру жолдарын ұсынып, нарықты дамытуға септігін тигізеді. Қазақстан 2018 жылы экономикасын әртараптандыруды қолдау үшін өзінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын іске қосты. Оның жүйесінде тек қаржылық компаниялар ғана емес, дәстүрлі сала өкілдері де жұмыс істей алады. Қалайша?

«Online Astana Finance Days 2020» конференциясында осы тақырыпта екі сессия өтеді – «АХҚО-дағы фандрайзинг» және «Қазақстан – ауылшаруашылық жобалар және инвестициялық сын-қатерді азайту».

«АХҚО-дағы фандрайзинг» вебинарында сарапшылар АХҚО-да инвестициялық жобаларға қаражат тарту платормасына қандай қызметтер қолжетімді екенін айтып береді. Ақшалай қаражатты тартудың түрлі механизмдері мен көздері көрсетіледі. Мәселен, 300 мың долларға дейінгі қарыз бойынша – iKapitalist жобасы (АХҚО қаржы технологиялары аясында); 100 млн долларға дейінгі үлестік қатысуда – KIDF қоры; 100 млн долларға дейінгі үлестік қатысу мен қарыз бойынша – Қытай құрылыс банкінің АХҚО-дағы филиалы.

Екінші сессия Қазақстанның ауылшаруашылық әлеуетін жүзеге асыруға және осы секторға инвестиция тартуға арналады. McKinsey келтірген соңғы есепке сүйенсек, мұндай бизнес акционерлер үшін тиімді болмақ және 2004 жылдан бастап, халықаралық инвесторлар осы сектордағы бизнесте белсенділігін үш есе арттырған.

2019 жылы еліміздегі ауылшаруашылық секторына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 млрд доллар болған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 41% жоғары. Агроөнеркәсіптік кешендегі белсенділік болжамы алдағы 5 жылда 10,3 млрд доллар инвестиция түсетінін көрсетіп отыр.

Инвестициялаудың нақты мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында «Қазақстан – ауылшаруашылық жобалар және инвестициялық сын-қатерді азайту» сессиясы өтеді. Онда мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласына қатысуы, COVID-19 кезеңіндегі және одан кейінгі жағдайда инвесторлардың қажеттігі, еліміздің халықаралық нарықтағы мүмкіндіктері мен инвесторлық қажеттіліктері талқыланады.

Тұтас «Online Astana Finance Days 2020» конференциясы 29 маусым – 3 шілде аралығында онлайн форматта өтеді. Ондағы пікірталастың басты тақырыбы – «Өзгермелі әлемдегі нарықтар» болмақ. Сарапшылар мен саясаткерлер қалың жұртшылыққа өз болжамдарын айтып қана қоймай, пандемия кезеңіндегі экономиканы дамыту мен қоғамды қолдаудың нақты шешімдері мен механизмдерін ұсынбақ.

Конференцияның арнайы сайтында шара бағдарламасымен танысып, аккредитациядан өтуге болады.

Тіркелген қатысушыларға вебинар жазылымдары қолжетімді болады және олар әлемдік сарапшыларға тікелей эфирде сұрақ қоя алады.

Сонымен бірге, Online Astana Finance Days 2020 барысын Twitter, Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларда бақылауға болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы