ҚазАТЗУ ғалымдары сиырдың жатыр ауруларын визуалды диагностикалауға мүмкіндік беретін тест әзірлеуде

Сиырдың жатыр ауруларын визуалды диагностикалау үшін әзірленіп жатқан бұл тест жануарлардың төлдегеннен кейінгі  жағдайын диагностикалау кезінде қымбат реактивтер мен жабдықтарды пайдаланбай-ақ қолданылатын болады. Тестті жасау оңай және ветеринарлық мамандар үшін қолжетімді болады. Жатырдың инволюциясы бар сау жануарларды анықтау оларды уақтылы ұрықтандыруға, жануарларды емдеуге, емдеудің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Фото: pixabay.com

Төлдегеннен кейінгі күндері жатыр ауруларын визуалды диагностикалауды қамтамасыз ететін құрал мен тест әзірленеді.

“Төлдегеннен кейін 21-30 күн ішінде клиникалық ректалды және қынаптық зерттеулер И. С. Нагорныйдың, Г. Н. Калиновскийдің зертханалық әдістеріне қарағанда 32%-ға және Уайтсайд әдісінен 28%-ға тиімдірек болғаны анықталды. Төлдегеннен кейін 31-60 күн ішінде вагинальды зерттеудің тиімділігі ректалды зерттеуге қарағанда 16%-ға, И. С. Нагорныйдың, Г. Н. Калиновскийдің әдісіне қарағанда 40%-ға және Уайтсайд әдісіне қарағанда 12%-ға тиімді болды. Төлдегеннен кейін 61-90 күн ішінде вагинальды зерттеу ректалды зерттеуге қарағанда 11,8% тиімді екені анықталды. Төлдегеннен кейін 120 және одан да көп күн ішінде Уайтсайдтың зертханалық әдісі 55,6%-ға көп ауру сиырларды анықтады”, – дейді ветеринария ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Исатай Түсіпұлы Жақыпов.

Дереккөзі: С. Сейфуллин атындағы
ҚазАТЗУ Медиакоммуникация орталығы

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы