Қазақтар жасанды ет тұтынатын бола ма?

Бүгінде бірнеше компания жаппай тұтынуға арналған ет өндірісін қолға алып жатыр. Мұндай өнім қазақстандықтардың көңілінен шыға ма немесе ет экспортына негізделген Қазақстан бағдарламасына кедергі келтіре ме?

Beyond Meat, Boca Foods, Field Roast Grain Meat Co., Tofurky сияқты ірі компаниялар ет өнеркәсібінде төңкеріс жасап, «пробиркадан ет» өндірісін алға тартып отыр. Биыл Beyond Meat IPO-ға шығуды жоспарлап қойған. Компанияның ет аналогтарын Safeway, Kroger және Sysco бөлшек сауда желілерінде кездестіруге болады, деп жазады 365info порталы.

Стартапты Билл Гейтс және басқа да миллиардерлер қолдаған.

Фото: ©Waldrebell / pixabay.com
Фото: ©Waldrebell / pixabay.com

Технологияның мәні — өсімдіктерден табиғи ингредиенттерді ала отырып, табиғи ет архитектурасы бойынша жеуге жарамды материал жасау. Стартаперлер мұндай азықты өндіру нәтижесінде мал шаруашылығын асырауға кететін әлемдік астықтың үштен бірін алып қалуға болатынын мәлімдейді.

Жаңа салаға Cargill, Hormel Foods Corp, JBS, Tyson Foods Inc., WH Group сияқты кәдімгі ет өндіруші алыптармен бәсекелесуге тура келеді.

«Бұл компаниялар өз тәуекелдерін теңестіруді көздейді және осы өнімдерді шығарушы стартаптардың акционерлері болды. Акционерлердің мақұлдауын алу үшін неге бармайсың?», — деп санайды «Атамекен-Агро» АҚ мал шаруашылығы департаментінің директоры Арсен Исламов.

Ресейлік сарапшылар жасанды ет өсіру стартаптары Ресей мен Қазақстанда кең етек жаюы мүмкін екенін айтады.

Алайда, қазір елімізде табиғи ет өндірісін кеңейту басты мақсатта. Жақында ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қытай нарығына шошқа етін жеткізудің арқасында ет экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізуді тапсырды. Сондықтан қазақстандық өндірушілер әзірше айтарлықтай қауіп-қатерді сезінбейді.

Қазақстан ет баламасын шығаратын бола ма?

— Қазақстан мен жасанды ет — үйлеспейтін ұғымдар, — дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің коммуникациялық орталығының директоры Валерий Сурганов. — Мұндай жобалар қалай аяқталса да біздің еліміз үшін бірде-бір форматқа сай келмейді.

Біріншіден, дейді ол, Қазақстанда жасанды азық-түлікке тыйым салынған. Екіншіден, мұндай эксперименттер мен олардың түпкі өнімдеріне әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған.

— Керісінше, қазір бүкіл әлемде organic food өндіру мен тұтыну тренді байқалуда, — дейді сарапшы.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2015 жылы «Органикалық өнімдерді өндіру туралы» заң қабылданды. 2018 жылдан бастап жаңа «Органикалық фермаларды» құру процесіне шетелдік кеңесшілерді белсенді тарту басталды. Қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы жер иелері табиғи азық-түлік өнімдерін өндіру және өсіру үшін кеңесшілерді өздері жалдайды.

Үшіншіден, жасанды ет өсіру идеясының өзі қазақстандық мал өсірушілер ұзақ уақыт бойы құрып келе жатқан бизнес-архитектураға да, Қазақстанды қоршаған елдердің нарықтық стратегиясына да, біз үшін басым нарықтардың мүдделеріне де сай келмейді. Ол әлемнің жетекші экономикалық дамыған елдерінің көпшілігіне жат», — деді Сурганов.

Егер соңына дейін нақтылайтын болсақ, жасалған протеиндер жасанды емес, деп атап өтті Исламов.

— Оны өсімдіктен алады — демек, ол жалпы органикалық. Өсімдік протеині манипуляция жолымен өзгеріске ұшырайды да ет құрылымына ие болады.

Сарапшы жасанды ет өсіру бойынша жобалар Ресейде де, Қазақстанда да пайда болуы мүмкін деп санайды, өйткені біздің елдер әлемдік сауда мен ғылыми-техникалық прогрестің толыққанды мүшесі болып табылады.

«Бұл жобалар бізде экономикалық тұрғыдан орынды бола ма деген мәселе ғана туындайды», — деп күмәндануда ол.

Өсірілген ақуыз бешбармақты алмастыра алмайды

Қанша пайыз азаматтарымыз болашақта жасанды етке өтуге дайын ба?

— Пайыз елеусіз. Хипстерлер, эмо, готтар мен вегандардың орташа арифметикалық мәні, — деп есептейді Ислам.

Оның айтуынша, Қазақстанда халықтың көбінесе тауық еті мен жұмыртқа тұтынуға көшуі, өкінішке қарай, халықтың сатып алу қабілетінің артқанын білдірмейді.

— Біздің есептеулеріміз бойынша шетелдік нарықтардағы өндірістің өсуі мен қосымша маржа ет бағасын ұстап қана қоймай, оны төмендетуге мүмкіндік береді, — дейді сарапшы.

Бір қарағанда, жасанды ет өсіру технологиясы серпінді және перспективалы болып көрінеді. Протеинді түрлі көздерден алуға болады.

— Мысалы, ет шыбындарының дернәсілі толығымен ақуыздан тұрады. Мұндай көзді бағаламауға болмайды — тез өседі, қалдықтарды жейді, неге етке балама бола алмайды?

Немесе, мысалы, біздің шығыс көршіміз мыңжылдықтар бойы жеп келген шырылдақ торғайлар — деп Ислам мысалдар келтіреді.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, жануар етіне балама жасау қиын емес. Жануарлардан алынған жасушаларды Петри тостағандарында көбейту технологиясы бар. Азоттан ақуыз өндіру технологиясы да бар.

— Бірақ бұл өсірілген ақуыз шырынды стейк немесе піскен бешбармақты алмастыра ала ма? Алмастыра алмайды деп ойлаймын. Бірақ әр тауардың өз сатып алушысы және өз уақыты бар, — деп есептейді сарапшы.

Сонымен қатар, жасанды ет бізде бұрыннан бар. «Спаржа» ретінде белгілі корей салаттарындағы соя еті ет алмастырғыш болып табылады. Шұжық өнімдеріндегі соя да мал етін алмастырушы.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы