Қазақстанда құс еті қымбаттауы мүмкін

Елімізде құс етінің бағасы сиыр етімен теңесуі мүмкін. Мамандар мұны саладағы субсидияның қысқарғанымен байланыстырады жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: ©stux / pixabay.com
Фото: ©stux / pixabay.com

Субсидия болмағандықтан бірнеше өңірдегі құс фабрикасы өндіріс көлемін төмендетеді немесе тауық етінің бағасын өсіреді. Проблеманы шешудің тағы бір жолы бар.

Қазақстан Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың пайымдауынша, алдағы уақытта бірнеше өңірдің құс фабрикаларына өндіріс көлемін азайтуға тура келеді. Олардың қатарында соңғы жарты жылда субсидия алмаған Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпорындары бар. «Өндіріске қажетті дәрумендер мен дәрі-дәрмек шетелден алынады. Барлығы 19 аталым бар. Егер олардың құны өнім бағасына қосылса, құс еті сиыр немесе қой етімен бірдей болады. «Сондықтан құс өсірушілер субсидияға тәуелді», – дейді Руслан Шәріпов. Бағаның құбылуына астықтың қымбаттауы да әсер еткен. Дегенмен, кәсіпкерлер «жем-шөп қорын құру арқылы проблеманы шешуге болады» деген ойда. Биыл сала өкілдері Үкіметке 300 мың тонна астық алып, оны жыл бойы бекітілген бағамен сатуды ұсынған. Бұл құс фабрикаларына қажетті жем шөптің жартысы.

Айта кетейік, 2019 жылдың сегіз айында елімізде 142 мың тоннадан астам тауық еті мен 3,7 млрд дана жұмыртқа шығарылған.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы