Қазақстанда 42,5 млн тоннадан астам жем дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: pixabay.com

Жем-шөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14% – құрады (2023 жылы – 13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 4 қазандағы жағдай бойынша 32,5 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 88,5%, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 110,2%, 2,7 млн тонна құрама жем (49,6%), 1,8 млн тонна сүрлем (92,9%) және 3,7 млн тонна сабан дайындалды (80,8%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы