Қазақстан фермерлері арасында қандай тракторлар сұранысқа ие

Қазақстанда фермелер арасында отандық тракторларға сұраныс артып келеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: kirovets-ptz.com

«2022 жылдың басындағы мәлімет бойынша елімізде 147 мың трактор, 38 мың комбайн, 4 743 тұқым себу кешені және 77 мың дәнсепкіш бар. Бұл ретте тракторлардың 80 пайызы, комбайнның 72 пайызының қызмет ету мерзімі 15 жылдан асқан. Барлық парктің орташа тозуы деңгейі – 76 пайыз», – деді А. Сапаров Сенаттағы дөңгелек үстел отырысында.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткішіне тоқтала келе, 2017 жылы 103 млрд теңгеге 8,5 мың техника, ал 2021 жылы 260 млрд теңгеге 17 мың техника сатып алынғанын жеткізді.

Вице-министрдің айтуынша, отандық машина жасау деңгейі өсіп келеді.

«ҚазАгроҚаржы» мәліметіне қарағанда, 2021 жылы отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үлесі жалпы деңгейде комбайындар бойынша 79 пайызға дейін, тракторларға қатысты 62 пайызға дейін өсті. Тракторлардың кейбір модельдеріне сұраныс өндірістен артық болды. Елімізде құрастырылатын «Кировец», «Версатайл», «Беларусь» тракторлары фермерлер арасында үлкен сұранысқа ие», – деді Айдарбек Сапаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вице-министр аграрлық техника құнының өсуіне қатысты пікір білдірді.

«Аграршылар тарыпынан отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасына бағаның күрт өскені туралы шағымдар түсіп жатыр. Қазіргі кезде осы техинканың елеулі түрде қымбаттауы болып жатыр, оның ішінде отандық кәсіпорындардың өніміне де қатысты. 2022 жылдың басында отандық зауыттардан шығарылған ауыл шаруашылығы техникасының құны трактор мен комбайндар бойынша 2021 жылмен жылмен салыстырғанда 13-тен 24 пайызға дейін өсті», – деді А. Сапаров.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы