Карантинге жатқызылатын 26,6 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды
2017 жылдың тамыз айының 19–25 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қауіпі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 2 фактісі анықталды.
Ресей Федерациясынан 20 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелгені анықталды;
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан салмағы 6,6 тонна шабдалыны әкелу кезінде карантиндік объект – шығыс жеміс жемірі анықталды.
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 26,6 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі