Иранға ет экспортталды

2017 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы мен Иран мемлекеті арасында Иранға мұздатылған және салқындатылған қой етін экспорттауға ветеринарлық талаптары келісілген болатын, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Осыған орай, қазіргі таңда Иран елінің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері елімізден 118,4 тонна тірі қой, 132,2 тонна қой еті осы мемлекетке экспортталып отыр.

Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Соның бірі Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» ЖШС мен Ирандық компаниялар арасындағы келісім шарт аясында жыл соңына дейін Иранға 200 тонна қой етін жеткізуді жоспарлаған.

Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне 80 тонна қой еті экспортталған.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы