Фермерлердің 63 млн теңгеден астам сомаға инвестициялық субсидияларға өтініші мақұлданды

Ақмола облысындағы шаруалардың инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша 51,5 млн теңге сомасына 6 өтініші мақұлданды. Өтінімдер gosagro.kz субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеу кезектілігі тәртібімен қаралды. Бұған дейін Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жалпы сомасы 12 млн теңгеден астам алғашқы субсидиялар жіберілген болатын. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Иллюстрациялық коллаж: АгроИнфо / Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Еске сала кетейік, жүйеде «күту парағы» тетігі іске қосылды, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша әрекетсіз тек «күту парағында» өтінімдер бойынша, бірінші күннен келесі күнге автоматты түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.

«Күту парағының» өзі жүйенің кез-келген пайдаланушысы үшін ашық, тіпті тіркеусіз де көруге болады.

Сонымен қатар, портал жұмысының тетіктерін түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, әрбір көрсетілетін қызметті алушы онлайн режимінде әзірлеушілермен кеңесіп, өтініш бере алатынын еске саламыз. Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 67-71-17 телефон нөмірі бойынша байланыс орталығына немесе gosagro@minagri.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ: Телеграм-каналы арқылы қабылданады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы