Егіс науқаны қарқын алуда: Оңтүстік өңірлерде 300 мың гектардан астам алқап егілді

Көктемгі егіс жұмыстары басталғаннан бері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дихандар 311,4 мың гектар жерге егіс екті, оның басым бөлігі дәнді және жемшөп дақылдары. Жалпы, бүкіл ел бойынша 23,4 млн га жер егу жоспарланып отыр. Биыл дәнді, жемшөп, көкөніс және бақша дақылдарының егіс алқаптары ұлғаяды. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: moa.gov.kz

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 160 мың трактор, 5 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, 78 мың сепкіш және 226 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканың барлығы дерлік жаппай егіс жұмыстарының басталуына толығымен дайын.

Көктемгі егіс науқанын өткізуге өңірлерге 413 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға артық. Жанармай бағасы ақпаннан бастап сәуірді қоса алғанда белгіленген. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, республика бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының орташа құны 204 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20% арзан. Бүгінгі таңда өңірлерге шамамен 163 мың тонна отын немесе жоспардың 44% жөнелтілді.

Биылғы жылдан бастап егіске бөлінетін дизель отынын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін операторларға МӨЗ-ден жөнелту электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жеке виртуалды қойма құру, сондай-ақ арнайы бояғыштар қосу шартымен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жұмыстарына тиелетін дизель отынының көлеміне МӨЗ-ге жеке ПИН-код беріледі.

Биылғы жылы 700 мың тоннадан астам тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның 63% отандық аммиак селитрасы мен аммофосқа тиесілі. Бүгінгі таңда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 177,3 мың тоннасы жөнелтілді. Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған.

«Кен-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, оған 3200-ден астам фермерді қамтып, 2 млн гектарға жуық алқапта егіс және егін жинауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  Аграрлық несие корпорациясы аталған қаражаттың бөлінуін күтпей, қолда бар ресурстар есебінен қаржыландыруды өткен жылдың желтоқсан айынан бастады. Қазіргі уақытта 149,7 млрд теңгеге 4133 өтінім келіп түсті.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 20 млрд теңгеге жуық форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғастырылатын болады. Бұдан бөлек, Азық-түлік корпорациясы ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 300 мың тонна астық көлемінде шамамен 35 млрд теңге сомаға егісті сату және кейіннен қаржыландыру үшін тауарлық несиелерді береді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы