Демеуқаржыландыру тәртібі өзгермек

Бүгінде гербицидке, тыңайтқышқа, тұқымға қарастырылған қолдау сақталады. Ал әрбір гектарға үлестірілетін демеуқаржы 2016 жылдан бастап түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Енді демеудің игілігін сезіну үшін шаруалар техниканы сатып алуға, тың тәсілдерді ендіруге басымдық беруі тиіс.

Басқару екіталай

15 жыл бұрын өсімдік шару­ашылығында әр гектарға деме­уқаржы бөлу тетігін кәде­ге жарату ұйғарылған. Бүгінде оған барлық қаржылай демеу­дің тең жартысы тиесілі. Көлемі шамамен 32 млрд.теңгеге жете­ді. Бірақ ел қазынасынан үле­стірілетін қаржы еселенгенімен, әлі де оның берекесі сезілмей­ді. Ресми дәйектерді сөйлет­сек, 2014 жылы қаржылай қол­дау деңгейі 20 пайызға артып, 8,6 миллиард теңгеге жеткен. Тек шығарылған өнімнің жалпы көлемі көбеюдің орнына құл­дилады. 2011 жылы көрсеткіш 709 миллиард теңгеге теңел­се, 3 жылдан кейін 20 пайызға төмендеді. Сең қозғалғанымен, ауылшаруашылық өндірістің аяқ алысы көңіл көншітпейді. Еліміздің бас аграрийі гектар­лық субсидияның қайтарымы жоқ екендігін мойындап отыр. Уәжі – демеуқаржыны мақсат­ты жұмсауды қырағы қадаға­лау екіталай. Бар гәп жүйені басқарудың қиындығына тіре­летін көрінеді. Қыл аяғы кесірі­нен «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер белең алған. Өткен жылы гектарлық демеуқар­жының негізсіз берілуі бойынша 4,5 мыңнан астам жайт анықтал­ды. Оның тең жартысы Алматы облысының еншісіне тиесілі.

Мәселен, Солтүстiк Қазақстан облысына қарасты Ғ.Мүсiрепов ауданындағы алқаптың аумағы 1 млн. гектардан асады. Жер­гілікті әкімдік қызметкерле­рінен құралған комиссия екi апта ішінде оған дән сіңіріл­генін растауы тиіс. Бұл оңайға соқпайды. Жұмыс тым күрделi әрі көп уақытты рәсуа етеді, шығыны да бар. Нәтижесінде дақыл себiлмеген немесе дән дұрыс орылмаған алқаптарға демеуқаржы үлестіру жайттары орын алған», – деп күйінді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Қаржы қомақты болғанымен, демеудің түріне тағылған мін шаш етектен. Оларды сүзгіден өткізген мамандардың тоқтамы­на сай қаржылай қолдау диқан­дардың жаңашылдыққа ынтас­ын оятпайды. Сәйкесінше тың құрал-жабдықтар мен техноло­гияларды ендіруге құлшыныс байқалмайды. «Оңтүстік Қаза­қстан облысында мақтаны өсіру­ге ден қойған шаруалардың 95 пайызына жуығында тиесілі жер учаскесі 10 гектарға да жетпей­ді. Қолданыстағы жүйеге сәйкес демеуқаржы өңделген алқап­тарға берілетіндіктен, олардың иеленетін қолдауы мардымсыз. Техника алуға да кепілдіктері әрі алдын ала жарналары жоқ. Сондықтан мақтаны жинауда адам күшіне иек артылады. Ал бір гектар үшін қол еңбегіне 100 мың теңге жұмсауға тура келе­ді. Егер құрылғылар қолданыл­са, онда шығын 5-6 есе азаяды», – дейді министр.

Жаңашылдыққа ден қойғандар демеуден қағыл­майды

Енді құзырлы ведомство қолдаудың тиімділігін қапер­ге алмақ. 2016 жылдан бастап гектарлық демеуқаржылан­дырудан бас тарту көзде­ліп отыр. Есесіне оны соны құрал – жабдықтарды сатып алуға, кадрлық әлеуетті дамытуға бағыттау межелен­ген. Банктің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге, ғылымға жұмсалатын шығын­дардың орнын толтыруға баса мән берілмек.

Демеуқаржыны нақты өнім­ділікті арт тыруға ж ұмыл ­дырған ләзім. Ауыл шару­ашылығына жаңа техноло ­гиялар, жаңа әдіс-тәсілдер қ ажет. Ғылымға да сүйен­ген абзал. Сондықтан тың реформалар арқылы гектар­лық демеуқ аржыландыруды барынша тиімді субсидия­ларға ауыстыру көзделген. Ал оны үлестіру жөніндегі комис­сиялар құрамын 50 пайызға АӨК қ ауымдастықтары мен кәсіпкерліктің өкілдерімен жасақтауды ұсындық. Нәти­жесінде жаңа тәртіптегі деме­уқаржыны бөлуде қоғамдық бақылау нығаяды. Кәсіпкер­лік қауымдастықтар квотаны иеленіп, аталған комиссиялар­дың жұмысына атсалысуы үшін ережелерді өзгертуге мықтап кірістік, – деп мәселенің мән- ж а й ы н «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жіпке тізді.

Жаңа тәртіпке сәйкес кәсібін жаңартуға бет бұрғандар қол­дау шапағатынан қалыс қал­майды. Бәсекеге қабілетті тау­ар өндірушілердіңтың біліммен қарулану ниеті бағаланады. Ал озық технологияларды кәдеге жарату жолдарына қанық болу үшін құзырет орталықтарына қолқа салу қажет. Олар «Қаза­гроинновация» АҚ қ арасты білімді тарату орталықтары (саны бар-жоғы 10) негізінде құрылады. Мемлекетке алақан жаймай, кәсіпкерлерді тар­ту көзделген. Қос тараптың әріптестігін дамытуға әрі білім көкжиегін кеңейтуге «Атаме­кен» палатасы білек сыбана ат салыспақ.

Кернс тобына кіру көзделген

Демеуқаржыландырудың жаңа тетігін әзірлеуде ауыл шаруашылығы өнімдерін экс­порт таушы елдер қауым­дастығының (Кернс тобының) тәжірибесізерделенген. Олар жалпы сипаттағы, инф­ра құрылымды қолд айтын, несиенің жылдық мөлшерле­месін төмендететін, инвестициялық бағыттағы демеуқар­жыландыруға және ғылым мен кеңестерді ынталандыруға басымдық берген. Бүгінде қауымдастықтың құрамында 19 мемлекет бар. Енді еліміз де қатарды толықтыруды көздеп отыр.

«Еуропада қ айта өндіру саласы бойынша түйіткілдердің бары белгілі. Тіпті кей елдер егін екпеуі немесе мал басын өсірмеуі үшін шаруаларға қара­жат үлестіреді. Ал Кернс тобын­дағы мемлекеттердің көздеген мақсаты кереғар. Олар әуелі өндіріс көлемін, еңбек өнімді­лігін еселеуге баса мән береді. Бүгінде оның қатарына қосылу пысықталуда», – деп түсіндірді министр.

Өнімділікті озық технология еселейді

Инвестициялық демеуқар­жының артықшылығын шару­алар да сезінген. Алматылық алманы жандандыру жолында «Astana Fruit» ЖШС тер төгу­де. Еңбекші қазақ ауданын­дағы интенсивті бау-бақшаның аумағы 45 гектарды құрайды. Онда жер-жаһанда аты шыққан алманың 10 түрі бар. Алмұрт пен шие де өсіріледі. Өткен жылы отырғызылған көшеттер биыл жемісін берген. Тұңғыш мәрте гектарынан 7 тонна, екін­ші жылы шамамен 20 тоннаға өнім бұйырды. Шаруашылық 2016 жылғы түсім 45 тонна­дан кем түспейтініне сенім­ді. «Өткен жылы Германиядан тамшылатып суару жүйесі сатып алынды. Егер бұған дейін кар­топтың өнімділігі гектарынан 22-25 тоннаны құраса, жаңа технология арқылы көрсеткіш 45 тоннаға жетті. Қол еңбегін­де картоптың 20 пайызы жерде қалады. Ал комбайнның көме­гімен 95 пайызын жинауға мүм­кіндік бар», – дейді серіктестік­тің директоры Асқар Сабиров.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы