Дән өнімділігі құлдилап, сапа жақсарған

Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыста­рында күзгі жиын-терім аяқталды. Шығыс Қазақстан және Қарағанды өңірлері де науқанды тәмамдауға жақын. Еліміздің басты үш астықты өлкелерде дәнді дақылдарды жинау әлі де жалғасуда.

Ауа райының қолайсыз-дығына байланысты аталмыш жұмыстар уақытша тоқталыған. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекет тік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.

Нарық тағы жанар -жағармай тапшылығына байланысты құзырлы ведомство қапы қалмай, дер кезінде қамданған. 410 мың тонна дизельдік жанармай жеңілдетілген бағамен өңірге үлестірілген. Оны жеткізудің әрі ақысын төлеудің белгіленген кестесі қабылданған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жа­уапты хатшысы Арман Евниевтің с өзіне сүйенс ек, дизель дік отынның 81 пайызы діттеген жеріне жеткізілген. Ауа райынаың қолайсыздығына байланысты сары алтынның ылғалдылығы да жоғары. Сондықтан бүгінде дәнді кептіру үшін элеваторларға қосымша 53 мың тонна жанар-жағармай үлестірілмек.

«Еншіміздегі комбайн паркінің с анына, жанар -жағармаймен, элевторлармен және кептіру шаруашылықтарымен тиісінше қамтылуымызға байланысты еңекі апта ішінде барлық ору жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік бар. 17 млн.тон­на дәнді дақыл жинауды жоспарлап отырмыз. Элеваторға тапсырылған 1,7 млн тонн дәннің 1,5 млн тонна­сы 3-ші сыныпты болып табылады. Көрсеткіш өте жақсы», – деп атап өтті С.Хасенов.

Омитет төрағасының сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда гек­тар берекелігі 1,2 центнерге төмен. Дегенмен дәннің сапасы жақсара түскен.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы