«Бұл – абсурд». Мәжіліс депутаты киік санын реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Депутат Абзал Құспан киіктің етін халыққа сатып, терісін қажетке жаратуды ұсынды.

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанда киік санын реттеу мәселесіне қатысты мәжіліс депутаты Абзал Құспан “Түркістан” басылымына берген сұхбатында пікір білдірді. Оның айтуынша, киік санын реттейтін мекеме құру – қажеттілік және бұл бастаманы Қазақстанға арнайы шақырылған Еуропа ғалымдары да қолдап отыр, деп хабарлайды Informburo.kz.

“Киіктер жайылымдарды тып-ти­пыл етіп, егістіктерді таптай бастады. Яғни, шаруаларға қып-қызыл зиянын тигізіп отыр. Бірақ атуға рұқсат жоқ. Өйткені, қо­ғам киіктерді атуға наразылық танытып отыр. Бұл – түсінбеушіліктен шыққан дүние. Мысалы, әр адам өзінің қорасындағы малын реттеп отырады ғой. Қартайғанын сояды, семізін сатады, керек-жарағына жара­тады дегендей. Бұған да солай қарауы­мыз керек”, – деді ол.

Депутаттың айтуынша, президент тапсырмасына орай Қазақстанға шақырылған БҰҰ-дағы “Қоныс аударатын жануар түрлері” комитетінің мамандары “мемлекетке 100 пайыз пайда әкелетін дүниеден неге бас тартып һәм зиян шегіп отырсыздар?” деп қатты таңғалған.

“Расында да, бұл – абсурд. Киіктің терісі мал терісіне қара­ғанда, анағұрлым бағалы. Ал мүйізінің бір килограмы – әлемдік нарықта 1-4 мың доллар аралығында. Ал Батыс Қазақстанда жылына 50 тонна мүйіз далада шіриді. Өйткені, заң – қатал. Тіпті, өлген киіктің мүйізін кесіп алған адам 7-8 жыл арқалайды. Ал киіктің мүйізін сот орындаушылары өртеп жібереді. Мал көметін орындарға киікті көміп жатырмыз. Осы жерде БҰҰ өкілдері айтқан тағы бір мәселе бар. Киіктің көбеюі – жануарлардың өзіне де зиян. Жұқпалы ауру тараса, қырылып қалады”, – деді мәжіліс депутаты. 

Ол, сондай-ақ, Қазақстанда кеңес заманында болған “Охотпром” сынды мекеме құрып, киік санын реттеуді қолдайтынын жеткізді. 

“Етін халыққа сатып, терісін қажетімізге жаратып, мүйізін сатуымыз керек. Пайда табуымыз керек. Ал біз зиян шеккеніміз өз алдына, өз азаматтарымызды соттап жатырмыз”, – деді ол.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы