БҚО-да мал дәрігерлерінің жалақысы мардымсыз

Биылдан бастап практикалық ветеринарлық дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 50-60 процентке өседі, деп хабарлайды Хабар 24.

Privivka-korovam_Veterinar
Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Бұл туралы жуырда ғана ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Ветеринария саласы қызметкерлерінің жалақысы мардымсыз екені рас. Мейрамбек Әбдірамановтің мал дәрігері қызметіне кіріскеніне ширек ғасырдай уақыт өтіпті. Қазір қалалық ветеринарлық станциясында жұмыс істеп жүр. Өзіне қарасты аумақтағы 40 шақты аулада 200-дей ірі қара мен 400-ге тарта ұсақ мал бар. Олардың жыл он екі ай жағдайын бақылау, түрлі ауруларға қарсы жоспарлы егу оңай іс емес. Жұмыс қиын деп бас тартқан кезіміз жоқ. Бірақ мал дәрігерлерінің жалақысы мардымсыз. Айлығымыздың шайлығымыздан артылмайтыны рас,– дейді ол.

Мейрамбек Әбдіраманов, мал дәрігері:

– Қолыма енді зейнетақы жарнасын, бәрін ұстағанда 77 мың аламын. Жетіңкіремейді енді. Амал жоқ осы мамандықты сүйіп таңдап, оқығаннан кейін істеп келе жатырмыз енді. Ауылшаруашылық министрлігі зарплатты көтереді деп естіп жатырмыз. Қуанып жатырмыз соған, енді 60 процентке көтереді дейді ғой. Жалақы көтермесе, болашақта мал дәрігері қалмауы мүмкін. Жастар қазір мал дәрігері болып істегісі келмейді.

Тәжірибелі маман Зашаған кентінің тұрғыны Тілек Тәниевтің түлігіне тимпанит деген диагноз қойды. Бұл малдың күйістен қалып, іші кеуіп кететін дерті екен. Дәрігер тиісті ем-домын жасап, мал иесіне қажетті кеңесін берді.

Тілек Тәниев Зачаган кентінің тұрғыны:

– Мына мал ауырып қалған, дәрігерге шақырту жасадым. Уақытында келеді. Халық үшін жұмыс істеп отырған адамдар ғой. Ақшасын көтеру керек Мал маманы керек, мал ауырады, сосын малды егіп тұруы керек. Бізге таза сүт өнімі, ет керек тазақой. Жылына екі рет егіліп, мал ауырғанда шақырып тұрамыз.

Келер жылдан бастап практикалық ветеринарлық дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 50-60 процентке өседі. Бұл туралы жуырда ғана ауыл шаруашылығы министрі мәлім етті. Бұл жаңалық сала мамандарын қуантып қойды. Дегенмен еңбекақыдан басқа да шешімін күткен мәселелер баршылық.

Ғадылбек Әлібеков, қалалық ветеринариялық станциясының директоры:

– Мысалы, 2013 жылдан бері қарай автокөліктеріміз ескі. Соны тек жөндеумен күннен-күнге қатарда ұстап келе жатырмыз. Соған материалдық техникалық базамыз нығайтылса деген ұсыныстарымыз бар. Компьютерлер 2008-2012 жылдан бері жаңартылған жоқ. Тағы бір ұсыныс ауылшаруашылық жануарлардың бірдейлендіру базасымен қарым-қатынаста болып, уақтылы қарап отыру үшін мал дәрігерлерін планшет берілсе.

Өңірде малдың сарп ауруына шалдығуы азайған. Тиісті дәрі-дәрмекке бөлінген қаржы толығымен игерілді. Алыс ауылдарға бюджет қаржысы есебінен 4 модулды ветеринарлық бекет сатып алынды. Қызмет бабында жетістікке жеткен 20 шақты маманға шипажайға жолдама берілді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы