Ауыл шаруашылығы министрлігіне игерілмеген жерлерді тартып алу құзыреті беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар жаңа міндеттер жүктелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:

Фото: isorepublic.com

– Қазақстанның шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді;

– агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындау;

– инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасайды және астық нарығын дамыту және оның тұрақтылығын сақтау жөнінде өзге де шаралар қабылдайды;

– ҚР заңнамасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;

– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;

– ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

– мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;

– егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар ҚР жер заңнамасын бұза отырып, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, онда оларды тоқтата тұрады.

Үкімет қаулысы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Кейін Премьер-Министр қол қойып, құжат құқықтық-нормативтік актілер порталында жарияланған соң 10 күн өтіп, күшіне енеді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы