Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құрады

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ©Aymanjed / pixabay.com

«Комиссия жер ресурстарын одан ары пайдалану бойынша нақты ұсыныстарды дайындауы қажет», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр сондай-ақ бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтармен бірлесіп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі аптаның ішінде шешім жобасын енгізуді жүктеді.

«Сондай-ақ әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне бірлесіп, «Жұмыспен қамту» бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын санын ұлғайтуды тапсырамын», – деді ол.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы