Атырау облысында 14 жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарылды

Атырау облысында жалпы сомасы 6 млн теңгеден асатын 14 жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарылды. Жер учаскелерінің көлемі 2,8 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: pixabay.com

Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахимовтың мәліметінше, жайылымдық жер учаскелерінің мақсатты пайдалануына талдау жүргізілген.

«Аудандық прокуратура қызметкерлерінің талдауы кезінде жайылымдық жерлер ұзақ уақыт тікелей мақсатына пайдаланылмағаны анықталды. Жер пайдаланушылардың малын да тіркелмей келген. Осыған орай, аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді. Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттің иелігіне 2,8 мың гектарды құрайтын 14 жер учаскесі қайтарылды. Жер учаскелерінің кадастрлық құны 6 млн теңгеден асады», -деп хабарлады аудан проркуоры Магилан Рахимов.

Оның айтуынша, 2021 жылы конкурс арқылы сатылған жер учаскелерінің сатып алу құнын өтемеу дерегі анықталып отыр. Талдау нәтижесімен бюджетке 3,8 млн теңге өндірілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында мемлекет иелігіне 210 мың гектар жер қайтарылатынын жазған болатынбыз.

Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 нұсқама берілген.

Жер кодексінің талаптарын сақтамаған, жер учаскелерін заңға қайшы пайдаланғандарға 18 нұсқама жолданған.

«Өткен жылы 185 жер учаскесі қайтарылды. Жер телімінің жалпы көлемі 206 мың 209,90 гектарды құрайды. Биыл 210 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр», – дейді Гүлзия Құрманова.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы