Астанадағы Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда Қытай мен Таяу Шығыстың перспективалық нарықтары жөнінде
Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің өндірушілері көршілес Қытай мен бірқатар Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына өнімдерін экспорттауға мүдделі. Бұл фактор алдағы Қазақстанда өтетін Агроөнеркәсіптік инвестициялық флорумға ҚХР, Иран мен БАӘ және басқа да елдердің компаниялары мен ұйымдарының қатысуын айқындап берді. Естеріңізге сала кетейік, форум 2017 жылғы 25 тамызда Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен өткізілетін болады.
Мысалға, Rifa Investment өкілі ет өнімдері мен оған байланысты мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері бөлігінде Қытай нарығының көлемі мен қажеттіліктері туралы әңгімелейтін болады.
Арнайы форумның шеңберінде Халал сертификаттау процедуралары туралы әңгімелеп беретін RACS Quality Certificates Issuing Services сертификаттау орталығының (БАӘ) өкілі сөз сөйлейтін болады.
Zoodel мамандары (Orient Swiss) электрондық сауда алаңдары арқылы экспорттық операциялар жүргізу туралы ақпаратпен бөліспек.
«AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы Астанада Қазақстаннан, Қытайдан, Ираннан, БАӘ, Венгриядан, Польшадан, Ресейден, Испаниядан, Туркиядан және басқа да елдерден келетін 100 артық қатысушыларды жинамақ.
Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығында және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен өткізілетін инвестициялық форумда іскерлік байланыстарды жақсартудан басқа отандық бизнестің шетелдік әріптестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі болуы мүмкін проблемалық мәселелердің қатарын талқылау жоспарланады.
AgroInvest Forum 2017» форумына қатысу үшін ірі шетелдік инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдерінің кеңейтілген тобы шақырылды. Қатысушылар мен сөз сөйлеушілер қатарында – Азия даму банкінің, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Ислам даму банкінің, халықаралық электрондық сауда алаңдарының өкілдері және басқалар бар. Қазақстандық өндірушілер инвесторлармен жұмыс және аграрлық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибемен бөліседі.
Форум жұмысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-трансляция бойынша көруге болады.
БАҚ тіркеу: pr@investagro.kz
Дерек көзі: «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі